«Қарызсыз қоғам» жобасына қатысушылардың қатарында байзақтық Перизат Сәрсембиева да бар. Ол қоғамдық жұмыста жалдамалы қызметкер болып істеп, 85 мың теңге жалақы алады. Екі рет тұрмысқа шығып, некесінің екеуі де сәтсіз аяқталған жалғызбасты ана бүгінде екі бала тәрбиелеп отыр. Бұрынғы жұбайлары балаларының тәрбиесіне араласпайды, қаржылық көмек те көрсетпейді. Екеуінің тұрақты жұмысы болмағандықтан, тиісті алиментті де уақтылы төлемейді. Осылайша қаражаттан қысылған Перизат «Каспий банктен» 120 мың теңге, кейінірек тағы да бірнеше несие рәсімдеген. Қаржылық сауатының болмауынан аталған банктегі несиелерін жабу үшін Хоумкредит банктен 500 мың теңге көлемінде несие алуға мәжбүр болады. Сол арада жұмысынан айырылады. Осындай күрделі отбасылық және қаржылық жағдайға байланысты несие бойынша төлемдерді жасай алмайды. Нәтижесінде, төлемнің пайызы күннен күнге өсіп, банкке қарызы 1 миллион теңгеге жетеді. Берешегі болғандықтан есепшоттары бұғатталып, нотариалдық және басқа да іс-әрекеттерді жасауға тыйым салынады. Осындай қиын жағдайға тап болған кезде Перизат «Қарызсыз қоғам» жобасы туралы естіп, осында оқуға келеді. Оқу барысында Перизат Сәрсембиева қаржы сарапшысының кеңесін алды. Заң бөлімінің мамандарымен бірлесе отырып, банк шотына және басқа да тыйым салуларды алып тастау үшін әрекеттер жасалды. Қарызды қайта құрылымдау үшін құжаттар жиналып, жаңа кесте жасалды. Осылайша қатысушының өтініші бойынша банкке ай сайынғы төлем мөлшері азайтылды. Қазір Перизаттың несие бойынша төлемді уақтылы жасауға мүмкіндігі бар. «Мен «Қарызсыз қоғам» жобасына қатысқаныма қуаныштымын. Ол қаржылық сауатымды ашып, өмірімді өзгертті», дейді П.Сәрсембиева.
Жобаның қаржы сарапшыларының араласуымен Шу ауданының Белбасар ауылында тұратын Баян Қалдарбекованың да банк алдындағы қарызы бойынша мәселе оң шешімін тапты. Мойынындағы 5 несиесі бойынша уақтылы төлем жасауға мүмкіндігі болмаған көпбалалы ананың банктегі есепшоты бұғатталған. Займды қайта қарау нәтижесінде қол жеткізілген қарыз сомаларын жаңа шартпен төлеу тәртібі енді клиенттің қаржылық жүктемесін жеңілдетуге көмектеседі. Жобаның қаржы сарапшысы А.Таңатованың айтуынша, бұл банкпен ынтымақтастықтың және мәселені шешуге жасалған дұрыс шешімнің қабылдауынан мүмкін болып отыр.
Айта кетейік, «Қарызсыз қоғам» халықтың қаржылық сауатын арттыруға бағытталған Amanat партиясы мен Halyk Bank-тің бірлескен бастамасы. Аталған жобада несие бойынша берешегі бар және борышкерлер тізімінде тұрған ауыл тұрғындары, қарызы бар және оның мерзімін өткізіп алған азаматтар, мемлекеттен жеңілдікпен несие алуға үміткер кәсіпкерлер оқу курсынан өте алады.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді