Меркі ауданына әкім болып келген Бақтияр Көпбосынов бар күшін аудан халқынан аямай, зор еңбек етті. Меркіден 50 километр алыста орналасқан қой кеңшарына, «Аспара» егін кеңшарына жүз жылдан бері табиғи газ келмеген және «Қазақстан» ұжымшарына елу жылдан бері көгілдір отын келмеген еді. Бақтияр Көпбосынов облыс басшыларына, Мәжіліс депутаттарына барып Меркі ауданына қаржы бөлгізіп, үш кеңшар мен бір ұжымшарға газ жүргізіп берген еді. Тұрғындардың алғысына бөленді. Ақсақалдар Бақтияр Көпбосыновқа батасын берді. Сондай-ақ, жылдың қорытындысы бойынша ауданның барлық қызметкерлеріне, жұмысшыларына, ауданға еңбек сіңірген 30-40 адамды марапаттады және 25 адамға ауданның Құрметті азаматы атағын берді. Сондықтан, Бақтияр Көпбосыновтың ауданға сіңірген еңбегін аудан халқы еш уақытта ұмытпайды. Сол секілді Руслан Нурсипатов Меркі ауданына әкім болып аз жыл еңбек етсе де аудан халқының шынайы алғысына бөленді. Атап айтар болсақ, 86 жастағы еңбек ардагері Өмірзақ Қаймолдаев Руслан Нурсипатовтың қабылдау бөлмесіне барып, әкімге көшеде асфальт жол төселмегенін айтқан еді. Сол кезде ол жауаптыларға ақсақалдың көшесіне жеті күннің ішіңде жаңа асфальт жол төсеп беріңдер деп айтты. Содан кейін Өмірзақ Қаймолдаевтың көшесіне жеті күннің ішіңде жаңа асфальт жол салып берді. Тұрғындар алғыстарын білдірді.
Бұдан бөлек, Руслан Нурсипатов тұрғындардың өтініші бо»йынша бір айдың ішінде көшеге жарық орнатып берді. Біздің Меркі ауданына көп еңбек сіңіріп кеткен аудан әкімдеріне осы облыстық басылым арқылы алғыс айтуды жөн көрдім.
Әшен ҚЫРҒАБАҚҰЛЫ,
еңбек ардагері.
Меркі ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді