Мәселен, өткен сенбіде қала аумағындағы барлық мекеме-ұйым қызметкерлері сенбілік ұйымдастырып, Тараздың тазалығын сақтауға біркісідей атсалысты.
– Қаламыз – бәріміздің ортақ үйіміз, осы жауапкершілікті түсінген тұрғындар қоршаған орта тазалығы үшін ұйымдастырылатын сенбілікке белсенді қатысуды перзенттік парызы санайды деп ойлаймын. Өткен сенбіде ұйымдастырылған жалпыхалықтық сенбілікке жеке кәсіпкерлік нысан иелері мен қала тұрғындары белсенділік танытып, өз аулаларын қоқыстан тазартты. Жалпықалалық санитарлық жұмыстарында «Жасыл ел – Тараз» мекемесінің жұмысшылары жиналған қоқысты белгіленген аумаққа шығарып, қала тазалығына үлес қосты. Сенбілік кезеңінде көгалдандыру жұмыстары бойынша қала аумағында Қызылабад алқабында 10000 қарағаш, Қойшыбеков көшесі бойына 603 дана терек, №64 мектеп маңына 609 терек, сол секілді жаңа мектеп маңына 145 дана терек ағашы, Облыстық онкологиялық аурухана маңына 306 терек көшеттері отырғызылды. «Жасыл ел – Тараз» мекемесінен көгалдандыру жұмыстарына 40 жұмысшы, сенбілік тазалық жұмыстарына 156 жұмысшы, үйілген күл-қоқыстарды шығаруға 12 техника және 11-округке 11 техника жұмылдырылды. Әр сенбілік кезінде шығарылған қоқыс көлемі 300 шаршы метрді, округтерде 250 шаршы метрді құрайды. Мұндай жұмыстар қар түскенше жалғаса береді, – дейді Тараз қаласы әкімінің қоғаммен байланыс бойынша кеңесшісі Дәулет Төленді.
Қаланың әлеуметтік-экономикалық тіршілігінің тиімді де іркіліссіз жұмыс істеуі үшін жол-көлік инфрақұрылымының талапқа сай болуы маңызды. Бұл шаһардағы өмір сүру деңгейін де жақсартып, сапалы әрі қолайлы жағдай қалыптастырады. Осыны назарға ұстаған Тараз қаласының әкімдігі жол-көлік инфрақұрылымын дамытуға ерекше мән беруде.
Қала ішіндегі қарым-қатынасты жақсарту үшін жаңа автобустар әкелініп, қоғамдық көлік қызметінің сапасы жоғарылап келе жатқанын көріп жүрміз. Ендігі мәселе – сол автобустарды күтетін жолаушыларға қолайлы аялдамалардың жасалуы. Себебі, қоғамдық көліктер көбейген сайын нақты орны белгіленген, ыңғайлы аялдамаларға деген қажеттілікті де арттырып отыр.
Тараз қаласын дамытудың 3 жылдық жоспарында бұл мәселе қамтылыпты. Соған орай, өткен жылы қала аумағына 36 аялдама орнату үшін жергілікті бюджеттен тиісті қаржы қарастырылып, мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесінде «RusStroy» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 21, «Строительная компания NSN» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен 15 аялдама орнату үшін келісімшарт жасалған екен. Сонымен қатар, «Жасыл ел – Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан бұрын қолданыста болған 6 аялдама қайта қалпына келтірілген.
Қала келбетіне көрік қосатын тағы бір нысан – тұрғын үйлердің ауласындағы балалардың ойын алаңшалары мен спорттық алаңдар. Көне шаһарды көріктендіру аулаларды абаттандырудан басталатыны анық. Қаланы дамытуға арналған 3 жылдық жоспарда аула алаңдарын заманауи кейіпте салу да бар. Бұл бойынша биыл облыс орталығында ауқымды жұмыстар атқарылғанын күнделікті көріп те жүрміз.
Атап айтсақ, биыл аулаларды абаттандыру, оның ішінде балалар ойын алаңшасын салуға қала қазынасынан тиісті қаражат бөлініп, 25 мекенжайда жұмыстар жүргізілген. Сондай-ақ, биылдың өзінде жаңа 9 спорт алаңшасы ел игілігіне берілсе, 14 нысан күрделі жөндеуден өтіп, қайта қалпына келтірілді.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Тараз қаласы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді