Кездесуге М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты Бақыт Мырзабеков, Қазақстан Жазушылар және журналистер одағының мүшесі, сатирик Бақытжан Әлімқұлов, Асқар Тоқпанов атындағы облыстық қазақ драма театрының белгілі сахна шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Асқарбек Сейілхан қатысты.
Қонақтар шара басында сатириктің «Қалай болса солай» атты кітабының брайль қарпіндегі нұсқасының тұсауын кесті.
Рухани кеш барысында халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгердің өсиеті мол өмір жолы туралы деректер айтылып, кеш кейіпкері мен қонақтары сүбелі сұхбат жүргізді. Сергіту сәтінде жастар монолог оқып, жазушының сөзіне жазылған «О, Вальс!» әніне «Асыл арман» өнер студиясының талантты бишілері би композициясын биледі.
Сонымен қатар, сатира жанры, қазақ сатирасында дәстүр жалғастығы жайында сөз етіп, қонақкәдеге Толымбек Әлімбекұлы өзінің әзіл-ысқақ жолдарын көрерменге тарту етті. Сондай-ақ, жуырда жазушының 70 жылдығына орай шығарылған «Шымылдықтың ар жағы....», «Абыр-сабыр» атты қос жинағын «Әзіл аялдамасында – Толымбек» тақырыбында өткен бенефис кешінде арнайы Алматы қаласынан жолдап, кітап қорын жаңа кітаптарымен толықтырды. Бұл кітаптарда автордың сатиралық шығармалары, сын-фелетондар мен драматургия саласындағы еңбектері топтастырылған. Алдағы уақытта оқырмандар арнайы кітапхананың абономенттік бөлімінен алып оқуына мүмкіндігі бар.
Кеш соңында бенефиске жиналған көпшілік оқырмандық ықыластарын жылы лебіздерімен білдірді.
Гүлзада ҚЫРЫҚБАЕВА,
облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының әдіскері.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді