Жамбыл облысының 85 жылдығына арналған мәдени-көпшілік іс-шаралар жоспары
- author «Ақ жол»
- 7 қараша, 2024
- 2.1k
Атап айтқанда, сағат 10.00-де Тараз қаласы, Достық үйінде «Талас - Ұлы өркениеттер тоғысында» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция,
14.00-де Жамбыл ауданы, Бектөбе ауылындағы атшабарда бәйгеден («Ұлы аламан», «Аламан», «Құнан» бәйге) облыстық ашық турнир,
16.00-де «Көне-Тараз» тарихи-этномәдени кешенінде Жамбыл облысының 85 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтеді.
Салтанатты іс-шара барысында кешен аумағында киіз үйлер қалашығын тамашалау, 85 домбырашының қатысумен күйші, композитор Әбдімомын Желдібаевтың күйін орындау, мерейтойға орай шығарылған кітаптардың тұсаукесері, «Туған өлкем - Жамбылым!» атты қылқалам, қолөнер байқаулары жеңімпаздарының көрмесі, «Мәдениет - асыл қазынам» атты аудандардың мәдениет күндерінің жеңімпаздарын марапаттау, облыс өнерпаздарының концерттік бағдарламасы ұйымдастырылмақ.
Баршаңызды мерейтойға арналған іс-шараларға қатысуға шақырамыз!
Ұқсас жаңалықтар
Құс фабрикасының іргетасы қаланды
- Бүгін, 15:21
John Deere Қазақстанда 3 мыңға жуық техника шығармақ
- 28 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




