ДЕРТ
Болмаған соң кішілік,
Жоламады кісілік.
Тәкаппарлық дертімен
Қала берді ұшынып.
ТАҚЫС ТАКСИСТ
Құдай атты таксиді,
Көзі тұздай ақшиды.
Артық ақша бермесең,
Бармаймын деп қақшиды.
ӨЛЕҢ-ОЧЕРККЕ
Елжіретпей бойды алып,
Көргін демей ойланып.
Қайран өнер қор болдың,
Қара суға майланып.
КӨБЕЛЕК-ӨЛЕҢ
Ертеңдік өлең қажет деп,
Телефон кенет шыр етті.
Көкіректен безектеп,
Көбелек өлең пыр етті.
КОМПОЗИТОРЛАРҒА ҚҰЛАҚҚАҒЫС
Халық әнін талапайлап,
Алып жатыр алақайлап.
Бір кездегі бозша тайлақ,
Болып кетті қара тайлақ.
СӨЗОЙНАҚ
Сыншылдікі – сын сұрау,
Міншілдікі – құр сынау.
Күншілдікі – сұм сұрау,
Сыршылдікі – шын сұрау.
ТҰЛПАР САҒАТ
Бұрын менің сағатым
Тіпті баяу соғатын.
Шеберге бердім жөндеуге,
Түзетіп берді ол демде.
Мезгілден оза шабатын
Тұлпар шықты сағатым.
ЖАТТАМА
Мақал мен мәтел секілді
Аталы сөзден аттама.
Сезіміңді ілер ноқтаға –
Жағымпаз өлең жаттама.
ШЕГІРТКЕ
Сентябрьде ВУЗ-ға түсті,
Октябрьде қызға түсті.
Ноябрьде сәлем айтты,
Жаңа жылда үйге қайтты.
АҚ ҚҰС
Ақ құс еді о баста,
Қарады да қарғаға,
«Ендігі мода» деген соң
Боянып алды қараға.
ҚАРА ҚҰС
Қозыны іліп әкетті,
«Атып тастар құс» деді.
Түспеген соң жерге ізі,
Ісі сотқа түспеді.
ТЫШҚАН
Магазиннен ұн шықты,
Тышқан сұқты тұмсықты, –
Қайтып шықпай,
Тұншықты.
ТАРАЗЫДА
Серке мен түйе егесті:
«Менен ауыр емессің!»
Тұяғын серке басқанда,
Түйе шықты аспанға.
Ұқсас жаңалықтар
Қазіргі қазақ прозасы не айтқысы келеді?
- 4 желтоқсан, 2025
Қазақ өлеңіне қолдау мен құрмет
- 1 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




