Биылғы қаржылық сауат курстары 5 ақпанда басталды. Жоба басталғалы ел аумағында 11 лек өтіп, республика бойынша 54 442 қатысушы білім алған. Әсіресе, қатысушылардың басым бөлігі Түркістан, Алматы облыстары мен Шымкент, Алматы қалаларында және Жамбыл облысында байқалған. Облысымызда күні бүгінге дейін 3 мыңнан астам қатысушы қаржылық сауаттылығын жетілдірген.
Президент тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында, республикалық Amanat партиясының Жамбыл аудандық филиалы мен Жамбыл ауданы әкімдігі бірлесіп, «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында қаржылық сауаттылықты арттыру бағытындағы жұмыстар атқаруда. Бүгінде Жамбыл ауданы әкімдігінің «Қарызсыз қоғам» жол картасы іске асырылып жатыр. Биылғы ақпан айыннан бастап кез келген тұрғынға қаржылық сауатты арттырып, қарыздан құтылуға көмектесетін «Қарызсыз қоғам» жобасы басталып, проблемалық борышкерлерді оңалту бағдарламасы қолға алынды. Аталмыш жобаға қатысушылардың жартысына жуығы қаржы және заң мамандарының көмегін алуда.
Аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Несіпбековтың айтуынша, тренингке қатысушылардың басым бөлігі қаржылық сауаттылықтың төмендігінен келеді. Соның салдарынан тұрғындардың қарыздық жүктемесі артып келеді.
– Биыл Президенттің «Қарызсыз қоғам» жобасының ауқымын кеңейту туралы тапсырмасына сәйкес, еліміздің 20 өңірінде, оның ішінде Астана, Алматы, Шымкент қалаларында халықты қаржылық сауатқа жаппай оқыту ұйымдастырылды. Қатысушылар түске дейін дәріс тыңдап, түстен кейін қатысушының қалауы бойынша жеке консультациялар алады. Қазіргі таңда тың бастама нәтижелі жүзеге асырылып жатыр. Мәселен, жақында жоба арқылы қаржылық сауаттылықтарын арттырған Гродиково ауылының тұрғындарына арнайы сертификаттар табыс етілді. Олар бір апта бойы арнайы мамандардан қаржыны басқару бойынша кеңестер алып, білімдерін жетілдірді, – деді Н.Несіпбеков.
Курс барысында қаржы мамандары оқытумен қатар, бизнесті мемлекеттік қолдау, отбасылық бюджетті құру бойынша жеке кеңестер беріп, «Қарызсыз қоғам» жобасына қатысушылар еңбекке тіркелуден бастап, кең ауқымды мәселелер бойынша сұрақтарына жауап алды. Айта кетерлігі, жыл басынан бері «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында аудан бойынша 620 адам қаржылық сауаттылық курстарын аяқтап, сертификат алған. Олардың 67 пайызы әйел азаматтары болса, басым көпшілігі көпбалалы аналар.
Нұрболат АМАНБЕК
Жамбыл ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді