Аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Есеевтің айтуынша, Әбжапардағы бұл баспана соңғы екі жылдағы аудан аумағында табысталған 15-ші үй.
– Ауданда тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытында былтыр 100 отбасына кезектілік бойынша баспана кілті берілді. Биыл мұндай қуанышқа 80 отбасы бөленді. Ал, жыл соңына дейін тағы 60 шаңырақтың кілті өз иелеріне табысталады. Бүгін халқымыздың ертеден келе жатқан мәні зор салтымен асарлатып салынған үйді өз иесіне табыстап отырмыз. Жаңа қонысқа құт тілеп, осы шаңырақта қуаныштар бола беруіне тілектестігімізді білдіреміз, – деген Бауыржан Есеев ауыл тұрғыны Жандарбек Сүгірәлиевке жаңа үйдің кілтін табыстады.
Қуанышқа ортақтаса келген ауыл ардагерлері бірлікшіл ауыл жастарының оң ісіне ризашылықтарын білдіріп, бата берді. Баспананы салуға атсалысқандардың басым бөлігі жаңа қоңыс иесінің достары. Құрдастарының жаңа қонысына қуанған олар да тілектерін жаудырды.
– Қалай десек те, асар – елді бірлікке үндейтін бірегей жоба. Оның құндылығы да, маңыздылығы да аса жоғары. Сондықтан да бұл жемісті жобаны жалғастыра бергеніміз абзал. Бүгінгі мерекеде бүтін бір отбасыға қуаныш сыйлап, үйелмелі-сүйелмелі төрт баланың арманына қанат бітіріп, осы игілікті істің басы-қасында жүрген, қолдауын берген барша бауырларға Әбжапар ауылы атынан және баспаналы болған досымның атынан алғыс білдіремін, – дейді ауыл тұрғыны Жасұлан Әбдіхалық.
«Қуанышты бөліссең – көбейеді» деген нақылды негізге алып, біз де ізгі істі дүйім жұртқа хабарлап, игіліктер үздіксіз жалғасуын тілейміз.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Т.Рысқұлов ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Мемлекеттік қызметшінің Әдеп кодексін сақтау
- 19 желтоқсан, 2024
Даңғазалық па, мақтангершілік пе?
- 19 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді