Тараз қаласы әкімінің міндетін атқарушы Қайрат Исмаилдың үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілерімен кездесуі саладағы жүйелі жүзеге асқан істердің бір парасы. Кездесуде Қайрат Әбілханұлы басқосудың маңыздылығына кеңінен тоқталып, азаматтық қоғам институттарының мемлекетіміздегі өзекті мәселелерді шешудегі маңыздылығын атап өтті.
– Қазіргі таңда үкіметтік емес ұйымдардың іскерлік және сапалық деңгейі жаңа белестерге көтеріліп, қоғам үшін аса маңызды және іргелі салаға айналды. Үкіметтік емес сектор әлеуметтік мәселелерді шешуде және азаматтық бастамаларды жандандыруда мемлекеттің сенімді әріптесі болып отыр. Мемлекет тарапынан азаматтық сектормен өзара әрекеттестікті нығайту және азаматтық қоғам институттарының қызметін арттыру бағытында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Айталық, биыл үкіметтік емес ұйымдарды қолдау мақсатында қалалық бюджеттен тиісті қаражат бөлініп, әлеуметтік зерттеу, талдау, тұрғындардың қажеттіліктерін бағалау және үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстарын жинақтау негізінде азаматтарға нақты қызмет көрсету бойынша 17 лот тақырыбы қамтылды. Оның ішінде гендерлік теңдік мәселесін шешу, жастар саясатын қолдау, әлеуметтік көмек көрсету, отбасы институтын нығайту сияқты және тағы басқа да бағыттарда жобалар енгізілді, – деген Қайрат Исмаил бұл бағыттағы жұмыстар әрі қарай да жалғасатынын жеткізді.
Келесі кезекте Жамбыл облысы Азаматтық Альянсының төрағасы Исламбек Дастан жыл басынан бері атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.
– Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің стратегиялық әріптестік негізінде Қазақстанның Азаматтық Альянсы заңды тұлғалар бірлестігі мен «Адал азамат, белсенді қоғам» азаматтық қоғамды дамыту ұлттық орталығының қызметін ұйымдастыру жобасын Жамбыл облысы Азаматтық Альянсы бірлесіп жүзеге асырып келеді. Соңғы жылдары азаматтық секторды дамыту саласында белгілі бір нәтижеге қол жеткізілді: қоғамдық институттардың құқықтық бағыты нығайтылды, қоғамдық кеңе стер, қоғамдық бақылау, петиция, қайырымдылық іс-шаралары, волонтерлік туралы заңдар қабылданды. Үкіметтік емес ұйымдардың қоғамдағы рөлін нығайту бойынша нақты іс-шараларды іске асыру бойынша «Драйверлі қоғам» XI азаматтық форумы өткізілді, – деді Исламбек Дастан.
Сонымен бірге жиында «Қазақстандық Бочча федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі облыс бойынша филиалының төрайымы Меруерт Ерсай және «Коммерциялық емес ұйымдар қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрайымы Айнұр Заурбековалар сөз алып, азаматтық секторды дамыту бойынша ұсыныспікірлерін ортаға салды. Келелі кездесуде үкіметтік емес ұйымдар тарапынан туындаған мәселелер де назардан тыс қалмады. Мәселен, «Желтоқсан ұшқыны» қоғамдық бірле стігінің төрағасы Талғат Кеншінбаев тәуелсіздік мерекесі жақындап келе жатқанын, а л Желтоқсан орталығы әлі де ешқандай мекеменің теңгерімінде еместігін алға тартты.
– Екі жылдан асты, орталық ешқандай мекеменің балансында жоқ. Соның салдарынан біз түрлі бірлестіктермен, жастармен келісімге келіп, меморандумға отырып, жыл басынан бері жүзге тарта кездесуді орталықтан тыс жерлерде өткіздік. Бұдан өзге желтоқсаншылар өз қаражатына, демеушілер есебінен ішкі көрнекілігін жабдықтап келеді, алайда осы мәселеге байланысты қазір орталыққа адам қабылдай алмай отырмыз. Ешкім бас сұқпайтын болғандықтан, Қайрат Рысқұлбековтың жеке заттары, жәдігерлері облыстық тарихи-өлкетану музейіне тапсырылды, – деді Талғат Кеншінбаев.
Өз кезегінде Қайрат Исмаил орталықтың қалалық ішкі саясат бөліміне тапсырылғанын айтып, маңызды мәселені жеке назарға алатындығын атап өтті. Басқосу соңында бірқатар үкіметтік емес ұйымның жетекшілеріне Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Тараз қаласы әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттары табысталды. Айта кетерлігі, бүгінде қалада 532 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Олардың 380-і–қоғамдық бірлестіктер, 126-сы – қоғамдық қорлар болса, қалған 26-сы – заңды тұлғалар бірлестігі.
Нұрболат АМАНБЕК
Ұқсас жаңалықтар
Тіл оқыту орталығы: Жалақы аз, штат бос, маман жоқ
- 26 желтоқсан, 2024
Той мәдениетін көтеру көптің ісі
- 26 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді