Облыста акция аясында тұрғындар мен жастардың атсалысуымен көптеген тазалық және алдын алу профилактикалық шараларын ұйымдастыру жоспарлануда. Атап айтқанда, облыс орталығы Тараз қаласында «Күзгі тазалық» эко акциясы шеңберінде «Сәби қоры» атындағы саябақ қоқыстардан тазартылса, өңір жастарымен «Таза қала» ұраны арқылы Қ.Рысқұлбеков атындағы саябаққа тазалық жұмыстары жүргізіледі.
Акция аясындағы тазалық жұмыстары облыстың барлық аудандарында өткізілмек. Шара барысында саябақтар мен скверлер, көпқабатты тұрғын үйлердің маңын, демалушылар көп жиналатын орындарды қамту күтілуде. Сонымен қатар, Байзақ ауданында төтенше жағдайлар департаментінің және «ҚазТрансАймақ» мекемесінің өкілдері аудан тұрғындарына алдын алу профилактикалық шарасын жүргізуді жоспарласа, осындай түсіндіру жұмыстары Жамбыл және Талас ауданында жалғасын табады.
Жуалы ауданында мектеп оқушыларымен «Таза Қазақстан – таза әлем» атты семинар, Қордай ауданында «Таза Қазақстан» атауымен «Береке» колледжінің студенттерімен, Меркі ауданында тұрғындармен кездесу ұйымдастырылатын болады.
Сондай-ақ, Мойынқұм ауданының жастарымен «Тазалық өзіңнен басталады» челленджі өткізіліп, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласында «Даңқ» монументінің айналасы, Т.Рысқұлов ауданында адамдар көп жүретін «Ардагерлер» саябағы күл-қоқыстардан тазартылады.
Шу ауданында №10 колледж студенттерімен кездесу өткізіліп, депутаттардың қатысуымен жастарға алдын алу шарасы жүргізіледі деп жоспарлануда.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Бірқатар дәрілік заттардың бағалары 50-ден 300 пайызға дейін төмендеді
- 4 желтоқсан, 2025
Көкбастауда «Этно ауыл» кешені ашылды
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




