Мәселен, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығының» облыстық филиалы барлық анықталған ескертулер бойынша тапсырыс беруші мен мердігерлерге барлығы – 151 хат жолдаған. Бұдан бөлек, бас-аяғы 475 нысанға 883 рет іссапармен шығып, инспекциялық тексеру жүргізген. Сондай-ақ, жол-құрылыс материалдарының 2 558 дана үлгісінен сынама алынған. Нәтижесінде 847 (34%) сынаманың белгіленген нормативтік талаптарға сәйкес келмейтіні белгілі болған.
Филиал қызметкері, инженер Ахметжан Бименовтің айтуынша, мердігерлер ең алдымен, жұмыстың сапасына айрықша көңіл бөлсе, асфальт жабынын орнату технологиясы өз жемісін бермек. Ол өз сөзінде тапсырыс беруші мен мердігер ұйымдар сапаға мән берсе, жол-құрылыс саласында кемшіліктер жойылып, заң бұзушылықтар тыйылатынын жеткізді.
– Біздің қызметіміздің мақсаты – жолдарды салу, қайта құру, жөндеу және күтіп-ұстау, сондай-ақ жол активтерін басқару саласындағы жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптау. Егер бұрын аймақтық зертханалар республикалық жолдардың сапасын тексеріп, оның кемшіліктерімен күрессе, қазір құрылған орталық барлық жалпыға ортақ жолдарды, соның ішінде жергілікті жолдарды тұтас қамтиды, – деді ол.
Ұқсас жаңалықтар
Кез келген жағдайға дайын болу қажет
- 2 сәуір, 2026
Жұмыс орны көп пе, әлде жұмыссыз жүргендер көп пе?
- 2 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




