
1980 жылы Алға ауылында дүниеге келген Аягүл аудан орталығындағы Балжан Бөлтірікова (бұрынғы Карл Маркс) атындағы №4 орта мектептің 1997 жылғы түлегі. 2003 жылы Қордайда түсірілген «Саған күшік керек пе?» көркем фильмінде ойнаған. Қазақ ұлттық университетінде және Тұран университетінде жоғары заңгерлік білім алды. АҚШ-тың әйгілі Дьюк университетінің магистратурасын және Ресей мемлекеттік зияткерлік меншік академиясын бітірген.
А.Әбітбекова алты жылдай АҚШ-та Дьюк университетінде (әлемдегі ең үздік 20 университет қатарында) білімін шыңдап, Вашингтондағы заңгерлік фирмада тәжірибеден өтті. Елімізге оралып Әділет минист рлігінде, Ұлттық зияткерлік меншік институтында бірқатар іргелі жобалар мен бастамаларға атсалысты. Оның тікелей қатысуымен 2023 жылы сот дауларының 90 пайыздан астамы сәтті шешімін тапса, Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымы және Еуропалық Одақ судьясының қатысуымен Қазақстандағы соттарға арналған оқыту вебинарын өткізді.
Аягүл сонымен қатар АҚШ Патенттік және сауда белгілері жөніндегі бюроның әлемнің зияткерлік меншік кеңселеріне арналған жаһандық тәлімгерлік жобасының тәлімгері. Қазақстандағы аймақтық брендтердің, соның ішінде «Алматы апортының» да тіркелуіне үлес қосты. Ол арнайы басылымдардағы бірқатар жариялымдардың авторы.
Қордайлықтар өткен ғасырдың сексеніншітоқсаныншы жылдары он жылдай Қордай аудандық мәдениет бөлімін басқарған Серікжан Әбітбековті ұмыта қойған жоқ. Бүгінде Астанада тұратын жерлесіміздің тұңғыш қызы Аягүл о сылайша халықаралық деңгейдегі жауапты қызметке тағайындалып, ізгі жолда іскерлігімен із қалдыруға ниетті.
Құрманбек ӘЛІМЖАН.
Ұқсас жаңалықтар
Өліара кезеңде де өз ісін тоқтатпаған шебер
- 19 сәуір, 2025
Аймақта алғаш мамандықтар атласы әзірленді
- 19 сәуір, 2025
Ақпарат
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
ҚАЖ қызметкерлері көпбалалы отбасыны қуантты
- 15 наурыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді