Сондықтан, қазақ тілі мен әдебиеті пәні сабақтарында жеткіншек ұрпақтың өз халқының рухани қазынасымен, ұлттық мәдениетімен, дәстүрімен неғұрлым тереңірек танысу қажеттілігін қамтамасыз етуге әрбір мұғалім өзінің айрықша үлесін қосқаны абзал. Өйткені, әдеби шығарма оқып, санасы нәр алмаған бала ұлттық болмысты бойына сіңіре алмайды. Сондықтан да, көркем әдебиет арқылы баланы өмірге дайындаудың, рухани адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы ерекше. Адамгершілікке тәрбиелеу білім берумен ғана шектелмейді. Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани-адамгершілік қасиеттері қалыптасады.
Халқымыздың белгілі жазушысы М.Əуезов қазақ фольклористерінің арасында алғашқылардың бірі болып ертегілерге «Баланы еңбекке тəрбиелеуде отбасы мүшелері үлкендерінің еңбекке деген көзқарасы, еңбек істеу əрекеті əсер етеді. Бала бойына тамаша қасиеттер мен адалдықты, мейірімділікті, имандылықты ұялататын осы – ертегі», деп анықтама берген болатын.
Заңғар жазушының пайымымен келіспеске болмайды. Өйткені, ертегі – ауыз əдебиетінің көлемді саласының бірі. Eртегілер – бірнеше ғасырлардың жемісі. Ертегіге елітіп, сеніп өскен баланың ойлау қабілеті де кеңейіп, тіл байлығы да дами түсетіні анық.
Екіншіден, ертегіден халқымыздың ертеңге деген сенімі мен армантілегін, қиялын, даналығын, ғасырлық өмір тəжірибесін көреміз. Қазақ әдебиеті пәніндегі ертегілер жайлы тақырып қамтылған сабақ барысында жазу өнеріне машықтанып жүрген балаларға түрлі тақырыпта ертегілер жаздырып көрдім. Оларды оқып отырып, бағалағанда қазіргі балалардың қиялы жаңаша тұрғыда өсіп, жетіліп келе жатқандығына қуандым. Балалар ертегі жазу арқылы айнала қоршаған ортаны барлай алды, табиғаттың сиқырлы сырларын сезіне білді, халықтың әдемілік және әдептілік жайлы ұғымдарын бойына сіңіріп, ұлттық салт-дәстүр, әдетғұрып туралы түсініктері қалыптасты.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні сабақтарында өскелең ұрпақты жанжақты жетілген адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеуде өлеңдер мен прозалық шығармалардың да алатын орны ерекше. Өйткені, өлең адамның қиялына қанат бітіреді, рухын оятады. Ал, прозада бала түрлі сюжеттік оқиғалардың тереңіне бойлап, әрбір әдеби шығармадан ой түйері хақ.
Ол шығармалардың қай-қайсысы болсын оқушыларды тәрбиелеудегі ізгі мақсаттарды көздеп, балалардың тілдерін ширатып, ойларын дамытып, Отанды сүюге, рухани-адамгершілікке тәрбиелейтіні анық. Сондықтан, бала тәрбиелеу ісінде көркем әдебиеттің алатын орны ерекше. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.
Толқын ЖОРАБЕКҚЫЗЫ
№1 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Т.Рысқұлов ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді