Ақынның туғанына 100 жыл толуына орай аймақта бірқатар ісшаралар ұйымдастырылып келеді. Осындай маңызды жиынның бірі Тараз қаласындағы Шона Смаханұлы атындағы орта мектепте өтті. Облыстық ардагерлер кеңесінің мәдениет комиссиясының төрағасы Мұхаметілда Байшоңов, Тараз қалалық білім бөлімінің басшысы Раушан Қожамжарова, ардагер ұстаз Баймұрат Жақсыбеков бастаған қонақтар әуелі аталған мектеп ауласындағы Шона Смаханұлы ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, құрмет көрсетті.
Мұнан соң қонақтар мектеп ғимаратындағы Шона Смаханұлына арналған музейді аралап көрді. Музей жұмысымен аталған орта мектептің директоры Сандуғаш Иманбекова таныстырды. Мұнда ақынның Талас ауданы, Ақкөл ауылында мұғалім болып жүрген кезінен, бозбала, әскердегі шақтарынан суреттер қойылған.
Сатирик ақынның әйгілі жазушы Бердібек Соқпақбаевпен, Кеңес Одағының батыры Сәду Шәкіровпен, әскери саланың майталманы Тұрымқұл Мақашевпен бірге түскен суреттері де көпшілік назарын өзіне еріксіз аударады. Сонымен қатар, мұнда ақынның өзі пайдаланған қаламы, жазу дәптерлері, көзәйнектері, кітаптары қойылған. Мұнан соң мектептің мәжіліс залында «Шона – ардың ақыны» атты әдеби-сазды кеш өтті.
Кеш барысында жазушы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Көсемәлі Сәттібайұлы, Тараз қалалық білім бөлімінің басшысы Раушан Қожамжарова, Жамбыл облысының Құрметті ардагері Мұхаметілда Байшоңов, білім саласының ардагері Баймұрат Жақсыбеков, Талас ауданы, Шона Смаханұлы атындағы негізгі мектеп директорының орынбасары Жәнібек Тұраров ойларын ортаға салып, Шона ақын туралы естеліктерімен бөлісті.
Жиынды аталған мектеп басшысы Сандуғаш Мұханқызы қорытындылап, қонақтарға алғысын білдірді.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Екпені тейлериоз ауруы тіркелмей егу керек
- 4 желтоқсан, 2025
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасызетудің жайы қалай?
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




