«Таза Қазақстан»: қордайлық жастармен экологиялық кездесу өтті
- author «Ақ жол»
- 31 қазан, 2024
- 1.7k
Іс-шараның мақсаты – жас ұрпаққа табиғатқа деген сүйіспеншілік пен жауапкершілікті тәрбиелеу, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсіндіру.
Кездесу барысында колледж студенттері табиғатты қорғау шаралары туралы мағлұмат алды. Эколог мамандар мен жергілікті қоғамдастық өкілдері табиғатты қорғаудағы өзекті мәселелерді атап, қоршаған ортаның ластануына қарсы күрес жолдарын талқылады. Жергілікті әкімдік өкілдері мен оқытушылар да сөз сөйлеп, экологиялық ахуалды жақсарту бағытында жеке іс-әрекеттің маңызды екенін атап өтті.
Іс-шара соңында студенттер мен ұстаздар колледж аумағы мен көше бойына тазалық жұмыстарын жүргізді. Олар аула мен айналасындағы аумақты қоқыстан тазартып, жасыл желек күтіміне ерекше мән берді.
Бұл шара қоршаған ортаны қорғау жолындағы маңызды қадамдардың бірі болып табылады. «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы бұл бастама студенттер арасында экологиялық сананы дамытуға және оларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке баулуға үлкен үлес қосуда.
Ұқсас жаңалықтар
Қаратауда қауыз жарған, Мәңгілікке аңыз болған – қызғалдақ
- 28 сәуір, 2026
Ақ пейілмен қолға алынған іс берекелі болады
- 28 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




