Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев жеке қабылдауына жазылған Тараз қаласы мен аудан (Байзақ, Жамбыл, Қордай) тұрғындарының сауалдарын тыңдады.
Қабылдауға келген азаматтардың басым бөлігі баспана мәселесін көтерді. Бұдан бөлек, білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, кәсіпкерлік салаларына қатысты өтініш-тіліктерін айтты.
Ербол Қарашөкеев барлық өтініштерді мұқият тыңдап, мәселелердің шешімі заң талаптарына сәйкес қарастырылатынын атап өтті. Қабылдауда көтерілген кейбір сауалдар бойынша мүмкіндіктерді қарастырып, зерделеу жұмыстарын жүргізу үшін Тараз қаласы мен аудан әкімдеріне, басқарма басшыларына нақты тапсырмалар берді.
Айта кетейік, Ербол Қарашөкеев азаматтарды қабылдау барысында көтерілген барлық мәселелерді жеке бақылауында ұстап отыр.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




