Облыс әкімі әуелі «Қуан и Д», «Мыхан Орда», «Трансфер», «Жылыбұлақ-Меркі» шаруа қожалықтарының егістік алқабына барып, тәтті түбірді жинау барысымен танысты.
Биыл меркілік диқандар 3 771 гектар алқапқа қант қызылшасын егіп, 29 қазандағы жағдай бойынша 1 400 гектар жерден өнім алды. Жинау жұмыстары жалғасуда.
Облыс әкімі Меркі қант зауытына да барып, қант қызылшасын қабылдау барысын көрді. Айта кетейік, аталған зауыт диқандардан 450 мың тонна тәтті түбір қабылдайды. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес қант қызылшасын өткізуде мәселелер туындамас үшін бірқатар шешімдер қабылданды.
Атап айтқанда, кәсіпорынға жақын жерден қосымша қызылша қабылдауға арналған екі алаң құрылады. Бұл ұзын-сонар кезекті болдырмауға оң ықпал етеді.
Бұдан бөлек, «Меркі қант зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне мемлекет тарапынан жеңілдетілген несие беріледі. Өндіріс ошағы бұл қаржы арқылы шаруалар алдындағы берешегін өтейді. Оның ішінде қабылдаған қант қызылшасы үшін 15 теңге, 100 шақырымнан астам қашықтықта орналасқан шаруаларға тасымалдау шығындары үшін 3 теңгеден берілетін болады.
Ербол Қарашөкеев жауаптыларға қосымша екі алаңды дайындау жұмыстарын екі-үш күнде аяқтау керектігін ескертті.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




