Т
а) жеке медициналық кітапша – бұл жұмысқа жіберу туралы белгісі бар міндетті медициналық тексерулердің нәтижелері енгізілетін жеке құжат;
б) жеке электрондық медициналық кітапша – түпнұсқа құжаттың сыртқы келбеті мен ақпаратын сандық электрондық түрде толықтай қайта өндіретін құжат. Жеке медициналық кітапша жұмысқа жіберу туралы белгісімен беріледі. Электрондық медициналық кітапша жұмысқа жіберу туралы белгісі бар сандық электрондық түрде беріледі және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылады. Екі түрлі медициналық кітапшаларды беру медициналық қызметке лицензиясы бар және электрондық медициналық кітапшалар модулі бар медициналық ақпараттық жүйеге ие ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
- Жеке медициналық кітапшада келесі мәліметтер болады:
- Жеке медициналық кітапша иесінің фотосуреті электрондық форматта бекітіледі;
- Жеке куәлігі немесе паспорты бойынша мәліметтер, оның жеке қолтаңбасы, жеке медициналық кітапшаның сериясы мен нөмірі;
- Мамандығы мен қызметі, жұмыс орны, туған күні, тұрғылықты жері.
Міндетті медициналық тексерулер жүргізетін ұйымның басшысының бұйрығымен міндетті медициналық тексерулер мен зертханалық зерттеулер нәтижелері бойынша жеке медициналық кітапшаны есепке алу, жүргізу және беру үшін жауапты адам (терапевт дәрігер) тағайындалады. Дәрігерлік тексерулер мен зертханалық зерттеулердің нәтижелері медициналық ақпараттық жүйеге және жеке медициналық кітапшаға енгізіледі. Инфекциялық немесе паразиттік аурулар анықталған жағдайда, сондай-ақ жұмысқа жіберуге қарсы көрсеткіш болып табылатын инфекциялық аурулардың қоздырғыштарын тасымалдау анықталған кезде, маман жұмыскерді тұрғылықты жері бойынша тиісті емдеу – алдын алу ұйымына емделуге жібереді. Рентгенологиялық тексеру нәтижесі сурет және дәрігердің қорытындысымен енгізіледі, бұл қорытынды дәрігердің жеке электрондық цифрлық қолтаңбасымен бекітіледі. Жеке медициналық кітапшада жұмысқа жіберу мерзімі, күні, маманның аты-жөні, ЭЦҚ қолтаңбасы және денсаулық сақтау субъектісінің QR – коды көрсетіледі.
У.Әнуарбек
Тараз қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы
Ұқсас жаңалықтар
Қауіпті дерттің алдын алу маңызды
- 2 желтоқсан, 2024
Қан қысымының көтерілуі неден пайда болады?
- 26 қараша, 2024
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді