«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Республика күні – қайта жаңғырған ұлттық мереке

Республика күні – қайта жаңғырған ұлттық мереке
Ашық дереккөз
Республика күні – нағыз қазақтың кеудесі қуанышқа толы болатын,халықтың думандатып тойлайтын, мерекелік көңіл-күй орнайтын, сыйлайтын айтулы күн.

Еліміз көптеген қиын-қыстау замандардан жолдардан өтті. Өзінің егемендігін, тәуелсіздігін жариялау үшін қаншама қаракөз апаларымыз, боздақ бозбала ағаларымыз кеудесін оққа тосты, жан тәсілім етті. Осы уақыттан кейін Қазақстан әлемде жеке дара дербез ел екенін дәлелдей білді. Өзінің белгіленген шекарасы, діні мен тілі, мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құндылықтары, мәдениеті мен салт-дәстүрі бар тәуелсіз зайырлы елге айналды.

Қазір жерімізде ынтымағы жарасқан жезден астам өзге ұлт өкілдері тұрады. Дүниежүзі елдерімен достығымызды жарасқан, бірлігіміз біте қайнасқан. Құшағымыз қай кезде де айқара ашық,шекара сыртында  шетел асып жүрген өз қандастарымызды да сыртқа теппей, бәрін де жылы қарсы аламыз.

25 қазан – Қазақстан тарихындағы маңызды күндердің бірі. Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы декларациясы Тәуелсіздігімізге жол ашты. Республика күні 2001 жылы мемлекеттік мерекелер тізіміне енгізілді, алайда 2009 жылы мереке ресми күндер күнтізбесінен жоғалып кетті. 16 маусымда Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысында сөз сөйлеген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтаруды ұсынды. Парламент «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Заңына өзгерістер енгізіп, 25 Қазан – Республика күні ұлттық мерекесін белгіледі.

Президент Қ.Тоқаев қолға алып жатқан стратегиялық реформалар мен алға қойған міндеттер жүзеге асқан жағдайда, Қазақстан тәуелсіздігі одан әрі нығая түспек.

Қорытындылай келе, Республика күні – ел тарихындағы маңызды бетбұрыс. Ол тек мереке емес, біздің егемендігімізді мен ұлттық құндылықтарымызды дәріптейтін күн. Бұл күн бізді мақтаныш сезіміне бөлеумен қатар, елдің болашағы үшін жауапкершілік сезінуге де шақырады. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!

Н.Андасов

Жамбыл облысы Әділет департаментінің басшысы                                           

Ұқсас жаңалықтар