– Бүгінде округте қолға алынған ілкімді істер көңіл қуантады. Айталық, өткен жылы 14 көше жөнделсе, биыл 10 көше мен бұрылыстарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт төселді. Сондай-ақ, Целиноград, Қостанай, Байтұрсынов, Самарқанд көшелерінің жолдары да жаңғыртылуда. Аталған жұмыстар жыл соңына дейін жалғасады. Жол жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін округтегі 28 көшеге ауыз су тартылады. Сонымен қатар, тұрғындардың өтінішіне орай Д.Бедный, Абай, Аппаев, Кіші Бесағаш, 1-бұрылыс Сыздықова көшелеріне және халықтың қауіпсіздігі үшін Лұқманов көшесінің бойындағы теміржол өткеліне жаяу жүргіншілер жолы салынды. Бұған қоса былтыр 9 аялдама қойылса, биыл олардың қатары 6 аялдамамен толықты. Қазіргі таңда округтегі 234 көшенің 119-ында жарық шамдары орнатылған. Аталған мәселе жыл сайын кезең-кезеңімен өз шешімін тауып келеді. Соның дәлелі – биылдың өзінде 4 көше самаладай жарқырады, – деген Ескер Базарбайұлы келер жылға жоспарланған межелі міндеттерді де атап өтті.
Келесі кезекте тұрғындар көкейдегі сауалдарын жолдап, асфальт төсеу, аялдамаларды жаңарту, қаңғыбас иттерді аулау, қоқысты уақытында тазалау, ойын алаңшаларын орнату секілді маңызды мәселелерді көтерді.
– Балалар алаңшалары, футбол алаңшалары әлі де салынады. Жұмыс мұнымен тоқтап қалмайды. Көшелерді асфальттау жұмыстарына келетін болсақ, аталған округ көшелерінің 88 пайызы асфальт жабындысымен қамтамасыз етілген. Алдағы 2025 жылы осы көрсеткішті жүз пайызға жеткізуді жоспарлаған болатынбыз. Осы жоспар бойынша қарқынды жұмыс жүргіземіз, – деді шаһар басшысы.
Әрбір өтініштілекті мұқият тыңдаған Бақытжан Әмірбекұлы барлық мәселе жоспарға сай шешімін табатынын жеткізіп, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.
Кездесуден кейін қала әкімі бірқатар тұрғынды жеке сұрақтарымен қабылдады.
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді