Болашақ сарбаздар бірқатар сараптамадан өтуге міндеттелді
- author «Ақ жол»
- 29 қазан, 2024
- 1.1k
Айта кетейік, біздің елде тепсе темір үзетін, дені сау 18-27 жас аралығындағы жігіттер Отан алдындағы борышын өтеуге міндетті. Бұлай болмаған жағдайда әскерден қашқандарды заң басынан сипамайды. Әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартады.
Егер әскерге шақыртылған азамат шақыру қағазы бойынша медициналық тексеруге келмесе, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді. Ал, әскери борышын өтеуден қасақана қашқандар Қылмыстық Кодекстің 387-бабына сәйкес жазаланады. Әскерге барудан мүлдем бас тартқандарға 1000 айлық есептік көрсеткіш (3 450 000 теңге) көлемінде айыппұл салынады немесе бір жылға бас бостандығынан айырылады. Атап өту керек, Отанды сүюдің шынайы көрінісі саналатын әрі нағыз ер азаматтың сыналатын жері – әскерге бару үшін шақырушылардың тексеру кезінде зерттеулерге қосымша өзгерістер енгізілді. Демек, бұдан былай мерзімді әскерге баратындарға талап қатая түспек.
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Осылайша, олар эхокардиография, іш қуысы мүшелерінің ультрадыбыстық және бүйрек ультрадыбыстық зерттеуінің сараптамасын өткізуге міндеттеледі.
– Қажет болған жағдайда медициналық көрсеткіштер бойынша қосымша кеңес беру-диагностикалық қызметтер Денсаулық сақтау министрлігінің нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес көрсетіледі. Әскерге баратындарға жалпы қан талдауы, несеп талдауы, кеуде қуысының флюорографиялық зерттеуі, электрокардиографиялық зерттеулер, микропреципитация реакциясы арқылы мерезге талдау, бүйректің ультрадыбыстық зерттеуі, бауыр, көкбауыр, ұйқы безінің ультрадыбыстық зерттеуі және АИТВ инфекциясына қан талдауына міндетті тексерулер жүргізіледі, – делінген министрліктің хабарламасында.
Есен ӨТЕУЛ
Ұқсас жаңалықтар
Екпені тейлериоз ауруы тіркелмей егу керек
- 4 желтоқсан, 2025
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасызетудің жайы қалай?
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




