Жыл басынан бері 11 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушісіне 19,7 миллиард теңге субсидия төленді. Қаржы институттары арқылы 1 045 агроқұрылымға 15,2 миллиард теңге несие берілді. Күзгі дала және егін жинау жұмыстарын мерзімінде жүргізу мақсатында 10 мың бірлік ауыл шаруашылығы техникасы жұмылдырылды.
Қазіргі таңда 421 жаңа техника (411 трактор, 10 комбайн) сатып алынып, жаңару көрсеткіші 7,4 пайызды құрады. Облысқа бөлінген 11,4 мың тонна дизель отынының 8,4 мың тоннасы жеткізілді. 7,4 мың тонна дизель отыны шаруаларға таратылды (бағасы 1 литріне 250 теңге).
Өңірде жыл сайын минералды тыңайтқыштарды пайдалану көлемі артып келеді. 2024 жылы 415,4 мың гектар алқапқа 83,1 мың тонна тыңайтқышты енгізу жоспарланған. Бүгінде 1 мыңнан аса шаруа 370 мың гектар жерге 74,2 мың тонна минералды тыңайтқышты енгізді. 626,7 мың гектар алқапқа ауыл шаруашылығы дақылдары егілді, 352,9 мың гектар алқаптағы масақты дәнді дақыл толықтай орылып, 586,4 мың тонна астық жиналды.
Ауа-райының қолайлы болуына және агротехникалық шаралардың мерзімінде жүргізілуі есебінен масақты дәнді дақылдардан алынған орташа өнімділік өткен жылмен салыстырғанда 10 ц/га-дан 16,6 ц/га-ға дейін өсті. Қазір картоп, майлы дақылдар, көгөніс, бақша және қант қызылшасын жинау жұмыстары жүріп жатыр.
Биыл 3,8 миллион тоннадан астам өнім алу күтіліп отыр. 600 мың тоннадан астам қант қызылшасын жинау және өңдеу жоспарлануда. Меркі қант зауыты 450 мың тонна шикізат (175,8 мың тонна өткізілді) қабылдайды, қалғаны Ақсу қант зауытында қайта өңделеді.
Бүгінгі күнге 15,5 мың тоннаға жуық өнім өткізілді. Шикізатты тасымалдау шығындары берілетін субсидияның нормативін 25 теңгеден 45 теңгеге көтеру есебінен өтеледі. Меркі қант зауытына Үкімет тарапынан тиісті көмектер көрсетілуде.
Зауыттың айналым қаражатын толықтыруға Аграрлық несие корпорациясының «Кең дала – 2» бағдарламасы аясында жеңілдетілген несие берілуде. Меркі қант зауытына өткізілген өнімді жергілікті бюджет есебінен субсидиялау басталды (бағдарлама бойынша қалған 172 миллион теңге шаруаларға төленуде).
Қолда бар қаржымен 6,8 мың тонна өнім субсидияланды. 600 мың тоннаға жуық өнімді субсидиялау үшін республикалық бюджеттен тағы 16 миллиард теңге бөлу жоспарлануда.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді