Жиынды Басқарма Төрағасы - Ректор Мұхтар Байжұманов ашып, ұжымды ұлтымыздың ең ұлық мерекесімен құттықтады. Оқу ордамыз еліміз таңдаған даму жолынан ешқашан айнымайтынын тілге тиек етіп, болашаққа сеніммен қарайтын ұлт қана табысқа жете алатынын баса айтты.
Басқосуда университетіміздің профессор, доценті Сейдахан Бахторазов «Тәуелсіздік туын тұғырына қондырған Егемендік декларациясы» тақырыбында баяндама жасады. Сонымен қатар, аға оқытушы, PhD доктор Альбина Максутованың «Жаңғыру кезеңіндегі тәуелсіз Қазақстан!» атты баяндамасында ұсыныс-пікірлер айтылып, еліміздегі ауқымды саяси жаңғырулар арқылы мемлекетіміздің демократиялық дамуының жаңа бағдары айқындалатынын жеткізді.
Жиында Мәлік Нұржанұлы тұрақтылық пен бейбітшіліктің кепілі болып табылатын еліміздің экономикасы мен мәдениеті, білім мен ғылым салаларындағы елеулі жетістіктер жөнінде сөз етті. Президент барлық сала бойынша түрлі бастамаларды көтеріп, алдағы жұмыс жоспарын бекемдеп бергенін әрі Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген барлық саяси реформалар болашақта өз жалғасын табатынын тілге тиек етті. Президенттік стратегияның негізгі бағыттары экономиканы жаңғырту, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру, олардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін айтты. Сондай-ақ, ғылым мен білім саласын дамыту бойынша біршама мәселелер қозғалып, цифрландыру және адам құқығы туралы Президент Жолдауында бұрын қабылданып, бүгінде жүзеге асырылып жатқан жұмыстардың нәтижесі айтылды. Жолдаудан туындаған міндеттер әр салада қызу талқыланып, халыққа серпін беріп жатқанын жеткізді.
Ұстаздармен ашық диалог құрған кездесуде профессор-оқытушылар құрамы Мәлік Отарбаевқа сұрақтарын қойып, ой-пікірлерін ортаға салды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында көтерілген бірқатар мәселелер жан-жақты талқыланды.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді