Түркияда денсаулық сақтау саласында ауқымды реформалар жүзеге асырылуда. Яғни, мемлекеттік ауруханалар саны артып, жеке клиникаларға инвестиция салынуда.
Бұл салада олардың табысы 20 жылдың ішінде еселеп өсіп, бүгінде 2 миллионға жуық науқасқа медициналық қызмет көрсетіп отыр. Бұл деректі Түркия Президентінің мына сөзінен де аңғаруға болады.
«Түркия әлемдегі туризм тұрғысынан ең күшті әлеуетке ие елдердің бірі. Медициналық туризм, мәдени туризм, сенім туризмі, қысқы туризм және табиғат спорты сияқты кең ауқымды салаларда мүмкіндіктеріміз мол. Дегенмен, көп жылдар бойы мұны қолдана алмадық. 2008 жылдан бері бұл қате бағытты өзгертуге шешім қабылдадық. Стратегиялық салаға айналдырып, туризмді 12 айға дейін кеңейту мақсатымен тарих, иман, мәдениет, табиғат, денсаулық және гастрономия сияқты маңызды салаларда ірі реформалар жүргіздік. Соңғы он жылдықта Түркияның медициналық туризм секторындағы жетістіктері айтарлықтай қарқынмен өсті. 2022 жылы елге 1,5 миллионнан аса шетелдік науқас емделуге келсе, 2023 жылы бұл көрсеткіш 2 миллионға жетті. Әсіресе, Еуропа елдері, Таяу Шығыс, Ресей, АҚШ елдерінен келген туристер басым», – деді Түркия Президенті Реджеп Тайып Ердоған.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




