Облысымызда Меркі, Жамбыл, Талас, Қордай аудандарында және Тараз қаласындағы №2, №5 емханаларда ашылған үздік тәжірибе орталықтары медициналық қызметтің сапасы мен халықтың қанағаттану деңгейін арттыруға бағытталған. Бұл орталықтардың негізгі басымдықтары–адам мен оның отбасының қажеттіліктері төңірегінде барлық денсаулық сақтау қызметтерін біріктіру, халықтың медициналық сауаттылық деңгейін арттыру. Сонымен қатар, халықты емдеу, сауықтыру және аурудың алдын алу процесіне тарту, тиімді ауылдық денсаулық сақтауды құру, халықтың денсаулығын сақтау саласында жобалық басқаруды және әлеуметтік бағдарламаларды енгізу мен дамыту негізге алынған.
– Жалпы облыс бойынша 4 аудандық емхана мен Тараз қаласындағы 2 емханамен қоса 5 ауылда Үздік тәжірибелер шағын орталығы бар. Бұл орталықтардың басты мақсаты – халықаралық стандарттар мен жаһандануды е скере отырып, тұрғындарға медициналық қызмет көрсетудің сапасын жақсарту. Облыс тұрғындарының кең ауқымына ұтқырлық пен қолжетімділік бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігін арттыру туралы 2021-2025 жылдарға арналған Жол картасын іске асыруда «Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының №5 қалалық емханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны облыста денсаулық сақтаудың медициналықсанитарлық алғашқы көмек ұйымы бойынша Үздік тәжірибелер орталығын құру үшін таңдалды. 2021 жылғы 29 маусымдағы №405/1- Ө бұйрығымен №5 қалалық емхана үздік тәжірибелер орталығына айналды. №5 қалалық емхана үздік тәжірибелер орталығы болғандықтан, қызметтің негізгі бағыттары ретінде отбасылық денсаулық орталығының жұмысы салалық дәрігердің құзыретін кеңейтумен 100 пайыз отбасылық тәжірибе енгізілді. Сонымен қатар, мейірбике персоналына өкілеттіктерді берумен, тәуелсіз мейірбике тәжірибесін енгізумен, денсаулық сақтауды басқару бағдарламасы, патронаттың әмбебап прогрессивті үлгісі, жастар денсаулығы орталығы, әлеуметтікпсихологиялық қызмет, «Тренинг кабинеті» оқу орталығы құрылды, – дейді облыстық үздік тәжірибелер орталықтарының үйлестірушісі, №5 қалалық емхананың бас дәрігері Динара Сарсенова.
Динара Амангелдіқызының айтуынша, №5 қалалық емхана Үздік тәжірибелер орталығы ретінде жобаларды басқаруды енгізген. Қазіргі уақытта жобалармен жұмыс жүргізілуде.
– Емханамызда Үздік тәжірибелер орт алығы ретінде «Жастар» денсаулық орталығының жұмысына медициналық-санитарлық алғашқы көмек командасын тарту», «Салауатты бақытты балалық шақ», «Балалар мен жасөспірімдер арасындағы семіздік», «8-ші учаске бойынша балаларды жоспарлы екпемен қамтуды арттыру», «15-ші учаске тұрғындарының өтініштерін талдау», «15-шағын ауданда балаларды жоспарлы екпемен қамтуды арттыру» жобалары жүзеге асырылуда. Сондай-ақ, денсаулық мектептерімен жұмыс істейтін салауатты өмір салты кабинеттері бар. Нақты атасақ, «Мінез-құлық қауіп факторлары», «Артериялық гипертензия және жүректің ишемиялық ауруы», «Қант диабеті», «Созылмалы обструктивті өкпе ауруы», «Инсульттің алдын алу», «Отбасын жоспарлау», «Дені сау бала кабинеті», «Туберкулездің алдын алу», «Қатерлі ісіктің алдын алу» кабинеттері жұмыс істейді. «Тренинг залы» оқу бөлмесі – халыққа шұғыл медициналық көмек көрсету бойынша оқыту кабинеті. Онда алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша тренингтер, семинарлар өткізіледі, – дейді №5 қалалық емхана бас дәрігерінің медицина ісі жөніндегі орынбасары Перизат Маханова.
Айта кетейік, бұл №5 қалалық емхана «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынып, 2010 жылы қолданысқа берілген болатын. Жобалық қуаты ауысымына 500 келушіні, ал нақты қуаты 800 келушіні қабылдайды. Осы емханаға бекітілген тұрғындардың жалпы саны 68851 адам, оның ішінде 43156-сы ересек, 25695-і балалар.
Ұйымның құрылымында 5 отбасылық денсаулық орталығы, профилактика және әлеуметтікпсихологиялық көмек көрсету бөлімшесі, арнайы мамандар бөлімшесі, диагностикалық бөлімше және 78 төсектік күндізгі стационарымен емдеп, қалпына келтіру бөлімшесі, жедел медициналық көмек көрсету бөлімшесі, дәріхана бар. Мұнда медициналық-санитариялық алғашқы көмек, консультативтідиагностикалы медициналық көмек, жедел медициналық 4-категориялы шұғыл көмек, стационарды а лмастыратын медицина лық көмек көрсетіледі.
Әлеуметтік бағдарланған медициналықсанитарлық алғашқы көмек үлгісі ретінде отбасылық дәрігерден, медбикелерден, акушерден, әлеуметтік қызметкерден және психологтан тұратын көпбейінді топ ретінде жұмыс істейді. Отбасылық денс аулық орт а лықт арының барлық учаскелерінде патронажды қосқанда 3 медбикенің тәуелсіз қабылдаулары ұйымдастырылған. Жұмыстың нәтижесі – отбасындағы үйлесімділік, оған дұрыс көзқараспен ең қиын жағдайда да қол жеткізуге болады.
Емхана ұжымы үшін ең бастысы – әр отбасымен мұқият жеке жұмыс жүргізу. Қазіргі уақытта халыққа амбулаторлық-емханалық деңгейде медициналық көмек көрсетудің жаңа тәсілдерін әзірлеу өзекті. Бұл халықаралық стандарттар мен жаһандануды ескере отырып, халыққа медициналық көмек көрсетуді үздіксіз жетілдіру қажеттілігін талап етеді.
– Әмбебап прогрессивті патронаж үлгісімен де жұмыс жүргізіледі. Бұл дегеніміз – патронаждық мейірбике, жалпы тәжірибе дәрігері, әлеуметтік қызметкер, психолог, бөлім меңгерушісі және бас дәрігермен бірге бала мен жүкті әйелдің мүдделері бойынша топтық жұмыс. Жүкті әйелдерге және 5 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға көмек көрсету сапасын арттыруға, қауіптерді уақтылы анықтауға және оларды жоюға бағытталған патронаждың әмбебап прогрессивті моделін жетілдіру туралы жұмыс істеледі. Сонымен қатар, 2015 жылдың 22 шілдесінде алдын алу және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету бөлімінде «Жастар» денсаулық орталығы ашылды. «Жастар» денсаулық орталығының құрылымына психолог, әлеуметтік қызметкер, тіркеуші, гинеколог, уролог, дерматовенеролог, заңгер, сенім телефоны кіреді. 2021 жылдың 25 мамырында «Қоғамдық ақпаратты бақылау және кері байланыс механизмі» (МИОМОС) пилоттық жобасы жүзеге асырылды. «Алғашқы медициналық-санитарлық көмек» ұлттық қауымдастығы – еліміздің денсаулық сақтау министрлігінің тапсырысы бойынша Қазақстан аймақтарында жүзеге асырып жатқан пилоттық жоба. Денсаулық сақтау министрлігінің 2017 жылғы 31 тамыздағы №670 бұйрығымен бекітілген «Әлеуметтік медициналық сақтандыру» жобасының бағдарламалық құжатының 7 тармағына сәйкес, азаматтардың мониторингі мен кері байланыс механизмі құрылуы тиіс. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2020 жылғы 3 желтоқсандағы №ҚР ДСМ 230/2020 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2021 жылғы 16 қарашадағы №ҚР ДСМ – 115 бұйрығына сәйкес «Медициналық қызмет көрсету (көмек) сапасына ішкі және сыртқы сараптаманы ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес әрбір медициналық ұйымның жанынан денсаулық сақтау саласына қоғамдық сенім комиссияларын құру қажет» делінеді. Денсаулық сақтау саласына деген сенімділікті арттыру мақастында, емханада 5 адамнан тұратын қоғамдық сенім комитеті құрылды. «Алғашқы медициналық санитарлық көмек» ұлттық қауымдастығының үйлестірушісі Р.Хожамқұлмен бірлесіп, халықпен және медицина қызметкерлерімен медициналық қызмет көрсету мәселелері бойынша фокус-топтар жүргізудеміз. Біз ай сайын халықпен фокус-топтарын, МИОМОС ережелеріне сәйкес Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің тоқсан сайынғы отырыстарын өткізудеміз. Барлық анықталған проблемалық мәселелер ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді болып бөлінді. Тұрғындардың өтініштері 35 пайызға азайды, осылайша біз жобаны жүзеге асырудың сәттілігін көріп отырмыз, – дейді Перизат Құттыбайқызы.
Емханадағы қызмет сапасын арттырып, жұмысты жаңаша бағытта жүргізудің нәтижесінде жалпы өлімжітім 1000 тұрғынға шаққанда 2,6 пайызға төмендеген. Өтініштер 35 пайызға кеміген. Сәбилер өлімі 4 промилге, яғни 2 есе азайған. Ана өлімі тіркелмеген.
ЕКІНШІ ЕМХАНАДА ДА ЕЛЕУЛІ ІСТЕР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Тараз қаласындағы үздік тәжірибе орталығы бар келесі емдеу мекемесі – №2 емхана. Мұнда озық тәжірибелік орталыққа көшу барысында PRIMARY HEALTH CARE ұлттық қауымдастығының қолдауымен, тәжірибелі коучтренерлер оқу семинарларын, тренингтер, шеберлік сабақтарын өткізген. Емхана қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жұмыстары жүргізілген. Емхананың бас дәрігері Жеңіс Тойшыбекованың айтуынша, үздік тәжірибе орталығын енгізу бағытында №2 қалалық емхана штатына тіркеу бөлімінен бастап өзгерістер енгізілген.
– Тіркеу бөлімінде пациенттермен жұмыс жүргізу бойынша әкімші қызметі тағайындалды. Қызметкерлер үшін компьютермен жабдықталған ресурсты орталық жасақталды. Озық тәжірибелік орталықтың негізгі мақсаты мен басты бағыты – «Дені сау ұлт» ұлттық жобасы аясында әрбір азаматқа сапалы және қолжетімді медициналық көмек көрсету, пациент пен оның отбасына қажетті медициналық қызмет түрлерін шоғырландыру. Оқу орталығының инновациялық элементі кәсіптік қызметтің түрлері мен міндеттеріне сәйкес кәсіби құзыреттіліктер арқылы көрсетілетін оқу нәтижелеріне қойылатын талап болып табылады. Орталықта медициналық тәжірибені жетілдіру және медицина қызметкерлерінің білімін арттыру мақсатында тренингтер өткізіледі. Жылдам оқытудың көпсалалы бағдарламасы жүрек жұмысы тоқтағанда, балалар жарақаттанғанда көрсетілген көмектер және акушерлікгинекологиялық алғашқы көмек көрсету, медбикелер атқаратын манипуляцилар, қарым-қатынас дағдылары бойынша жүргізіледі,–дейді бас дәрігер Жеңіс Пірмаханқызы.
Осындағы орталықтың психологиялық-әлеуметтік көмек көрсету бөлімінде 8 психолог, 8 әлеуметтік қызметкер жұмыс істейді. Олар маманның көмегіне жүгініп келген пациенттердің мәселесін айқындап, жағдайын бағдарлап, кешенді көмек көрсетеді. Кәсіби әдіс-тәсілдермен түзету шараларын жүзеге асырады. Сондай-ақ, бұл орталықта медициналық мамандар тұрғындарға өз денсаулығын күту, жақындарының саулығына көмектесу амалдарын үйретеді. Сонымен қатар, төтенше жағдайға тап болғанда алғашқы медициналық көмек көрсету шараларын да көрсетіп, машықтандырады.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Қауіпті дерттің алдын алу маңызды
- 2 желтоқсан, 2024
Қан қысымының көтерілуі неден пайда болады?
- 26 қараша, 2024
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді