Жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады
- author «Ақ жол»
- 24 қазан, 2024
- 1.8k
Мемлекет басшысы Анкара қаласының маңындағы TUSAŞ аэроғарыш корпорациясының ғимаратына жасалған лаңкестік шабуыл салдарынан бірнеше адамның қаза табуына байланысты Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айтты, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
"Суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Қазақстан бейбіт тұрғындарға қарсы қастандық әрекетті қатаң айыптайды. Осындай ауыр сәтте Сізге және барша түрік халқына, сондай-ақ қайтыс болған азаматтардың жақын туыстарына қайғырып көңіл айтамын. Марқұмдардың жаны жаннатта болсын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін", – делінген көңіл айту жеделхатында.
Ұқсас жаңалықтар
Қаратауда қауыз жарған, Мәңгілікке аңыз болған – қызғалдақ
- 28 сәуір, 2026
Ақ пейілмен қолға алынған іс берекелі болады
- 28 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




