«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Аяулы тәуелсіздігім

Аяулы тәуелсіздігім
Ашық дереккөз
Аяулы тәуелсіздігім

Күндей боп көкке өрледің,

Бақытым жер мен көктегі,

Көзімді ашқанда – көргенім

Аузымды ашқанда – өпкенім!

 

Етектен салса төске озған,

Тәлейлі топты жарғалы,

Азаннан салса кешке озған,

Тұяғы алтын тарланым!

 

Отызда орда бұзарсың,

Сенде ғой бәрі ізгінің.

Тәбәрік етер тұмарсың,

Аяулы тәуелсіздігім!

 

Ұқсайсың қарны тоқ ұлға,

Аямай салдым барымды.

Құрбан ғып сенің жолыңда,

Отыз жыл – отыз нарымды.

 

Саған арнайтын өлеңім,

Арнаға білем сыймасын!

Керуенін көштің келемін,

Қолыммен ұстап бұйдасын!

 

Керуенді қыруар жүк артқан,

Шұғылалы жаққа бастарсың!

Ұяңды салдың мұзартқа,

Рухымсың асқақ, асқар шың!

 

«Тәуелсіздік» деп көз іліп,

«Тәуелсіздік» деп ояндым.

Сені мақтаудың өзі – ұлық,

Сен барда мен де ояумын!

 

Қопардым мың кен, бір емес,

От алдым сендей жасыннан!

Ғұмырың отыз жыл емес,

Созылғай отыз ғасырға!

 

 ***

Тәуелсізбін – өзімменен өзіммін,

Келдім ерік-жігеріммен бетпе-бет!

Шыңдап, шарға салам қайсар төзімді,

Жыр да жазам күн-түн демей, төкпелеп!

 

Тәуелсіздік, өміріммен егіз бе ең,

Қолмен ұстап, көрдім сені өз көзіммен!

Өзіме өз қолым енді жеткенде...

Ештеңе де аямаспын өзіңнен!

 

Өгіз қара күш бар өзім дегенде!

Мейірімін төгеді күн төбемнен,

Тәуелсізбін – көйлегім көк, қарным тоқ,

Бақуатты ғұмыр кешіп келем мен!

 

Ойхой, шіркін! Ұлы Дала ұлы ем мен,

Көкорайы аумайды-ай көк кілемнен.

Төскейі – мал, еңісі – егін, қойны – құт,

Айналып-ақ кетпеймін бе бұл елден!

 

Елім өсті, алдан құшақ жайды үміт,

Мұнда келсең уайым ұмыт, қайғы ұмыт.

Жұмыртқалап бозторғай қой үстіне,

Таяқ ұстап келген кетер тай мініп!

 

Түңілмейін, үгілмейін бордайын...

Қайда сапар шегем десең, жол дайын!

Байтақ далам барда осындай... мен қалай,

Кең пейілді, жомарт, дархан болмайын!

 

Көтеріле түсті-ау көңіл хошы енді...

елем жырлап әрбір тасын көшемнің,

Бар төбесі малынса алтын буына,

Мәртебесі өссе екен деп осы елдің!

***

Тәуелсіздік, саған көп-ау бересім – Туымды тік ұстап, жықпай келесің!

Аспан асты, жер үстінің иікпес,

Иен байтақ байлығына егесің!

Көздегі нұр, жүректегі отым да ең.

 

Белің будым қақпай әсте бетіңнен,

Тәңір сыйы – алтын айдар ұлсың ғой,

Әлпештеумен, аялаумен жетілген.

Сезімімді сөзбен жеткізе алмаспын,

 

«Сен» деп сергіп, от, су кештім, тауды астым.

Әлдеқашан ержетсең де, өзіңді Өліп-өшіп сүюден бір танбаспын.

Өкінішім, өкпем де жоқ өткенге,

Сен аман бол! Басқа тілек жоқ менде.

 

Дүниеге келіп едің... соңғы дем, «Шіркін ұл» деп кенезесі кепкенде!

Оянды әлем қаламымның ұшында үр,

Жазам елдің игілігі үшін жыр.

Қасиеттім менің, сені төңіректеп,

 

Періштелер ұшып жүр...

Саған тіктеп түсер көктен нұр енді әр,

Сенен бізге даритынын да білем нәр!

Тәбәріктеп тұсына іліп тұмар ғып,

 

Сені көкке көтеретін бір ел бар!

Әр таң сайын қуанышқа кенелдім,

Бір бұтағы сынбаса екен еменнің.

Басына кеп қонған тәуелсіздігі,

Енді мәңгі болса екен деп сол елдің!

 

Баймаханбет АХМЕТ

ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.

Ұқсас жаңалықтар