Мен жоғарғы оқу орнын 1981 жылы аяқтадым. Диплом алды іс-тәжірибені «Знамя труда» газетінен өттім. Ал, 1990 жылдың қыркүйегінде бас редактордың орынбасары қызметіне келдім. Бұл қызметке дейін Жамбыл, Байзақ аудандарындағы газеттерде, аудандық және облыстық партия комитеттерінде жұмыс істедім. 1996 жылдың қыркүйегінд е мені бас редактордың міндетін атқарушы қызметіне тағайындады. Ол өте қиын кезеңдер болатын. Орталықта электр жарығы жоқ. Кәдімгі балауыз шаммен жұмыс істейтінбіз.
Бүгінгі «Aq jol», ол кездегі «Еңбек туы» газетінің жағдайы өте ауыр еді. Екі газетті қосу туралы мәселе біраз талқыланды. Қаражат тапшы. Сол тұстағы баспаханаларға бөлінген қаражаттың жартысын төл ейтін едік.
Ойлана келе газеттердегі қазіргі компьютер орталықтарын құру туралы шешім қабылдадық. Ең алғаш рет редакциядағы компьютерлік орталықтарды ашу туралы бастаманы көтердім. Осылайша, қаражатты үнемдеуге жол ашылды. Бұл қалтарыс-бұлтарысы көп қиын шаруа болды. Басшылыққа қайта-қайта есептеп, түрлі талқылаудан өткен соң, мақсатымызға жеттік.
Кейін 2009 жылдың мамырында «Знамя труда» газетіне қайтадан бас редактордың орынбасары қызметіне тағайындалдым. 2014 жылдан 2019 жылға дейін бас редак ор қызметінде болып, зейнетке шықтым. Газетте қызмет етіп жүрген жылдары түрлі қиын кезеңдерді бастан өткердік.
Аудандық газет форматына көшіп, аптасына бір-ақ рет жарық көрген уақыттар болды. Жалпы, газеттен алған дүнием көп. Ең алдымен – тәрбие. Ғасырдан аса тарихы бар, еліміздегі ежелгі газет тағы да мың жасасын деп тіл еймін. Басшылыққа жастар келіп, жаңа тыныс, жаңа дем, жаңа өзгерістер әкеліп жатыр. Осы жаңа өзгерістер жақсылыққа бастасын.
Журналистердің жұмысы жандана түссін, оқырмандары молайсын, қаламдарына қанат бітсін!
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді