Қадірлі әріптестер! Құрметті «Знамя труда» газетінің ұжымы!
- author «Ақ жол»
- 22 қазан, 2024
- 1.2k
«Знамя труда» газеті – ғасырдан астам уақыт ішінде өз оқырманын қалыптастырған, өңірдің әлеуметтікэкономикалық, мәдени-рухани өмірінің шежіресіне айналған еліміздегі бірегей ақпарат құралдарының бірі.
Ұжым еліміздің тыныс-тіршілігінен ақпарат таратып, шын мәніндегі халықтың үні болып келе жатқаны барша оқырман қауымға белгілі. Соның ішінде қасиетті Әулиеата жеріндегі ағайынның барлық жасампаз істері мен жетістіктері облыстық басылымның бетінде қаттаулы тұр.
«Знамя труда» газетінің ғасырлық мерейтойында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев басылымға БАҚ саласындағы Алғысын жариялағаны жұртшылыққа мәлім. Бұл ұжымның үнемі үздіктердің қатарында келе жатқанына нақты дәлел. Газетте қызмет етіп, қолтаңбасын қалдырған аға буын мен замандас тілшілер арасынан елімізге белгілі көптеген қаламгерлер шықты. Сондықтан, сіздердің редакцияларыңызды шығармашылық шеберліктің ұстаханасы деуге толық негіз бар.
Бүгінгі жаңа медиа талаптарына сай қарқынды дамып келе жатқан газет ұжымындағы әріптестеріміздің деніне саулық, отбасыларына құт-береке, еңбектеріне шалқар шабыт пен зор табыс тілеймін.
Оқырмандарыңыз көп болсын!
Құрметпен, ҚР Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Берік УӘЛИ.
Ұқсас жаңалықтар
Екпені тейлериоз ауруы тіркелмей егу керек
- 4 желтоқсан, 2025
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасызетудің жайы қалай?
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




