Сонымен қатар, рухани кешке ақын, Парламент Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан, ақын Халықаралық «Түркістан» газетінің бас редакторы Бауыржан Бабажанұлы, журналист, облыстық мәслихаттың депутаты Оралхан Дәуіт, Қазақстан Жазушылар Одағының облыс бойынша өкілі, облыстық «Aq jol» газетінің бас редакторы Хамит Есаман және ақын Маралтай Райымбекұлы қазылық етті.
Қазылар алқасының шешімімен тартысты өткен байқауда ақын өлеңдерін жатқа оқу бойынша бірінші орынды Т.Рысқұлов ауданы, №6 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы Кәус ар Қашқынбай иеленсе, екінші орынға Меркі ауданы, №3 жалпы орта білім беретін мектептің 7-сынып оқушысы Аяла Берікбай тұрақтады.
Сондайақ, Мойынқұм ауданы, Ахмет Байтұрсынов атындағы орта мектебінің 9-сынып оқушысы Амина Совет үшінші орын алды.
Ал, жыр жарысының екінші кезеңі Жаңатас қаласының 55 жылдығына арналған арнау өлеңдерін оқу бойынша бірінші орын Абай атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Көркемай Қанатбекке бұйырды.
Екінші орынды Байзақ ауданы, Киікбаев атындағы мектепгимназиясының 10-сынып оқушысы Инабат Төлебаева иеленсе, үшінші орынды Талас ауданы мектеп-лицейінің 8-сынып оқушысы Сәулет Рахманберді жеңіп алды.
Байқаудың марапаттау сәтінде қазылар Жанарбек Әшімжан мен Бауыржан Бабажан сөз сөйлеп, өтіп жатқан шараның маңыздылығына, ақын Маралтайдың шығармашылығына, осындай байқаулардың ұлт руханиятын дамытудағы алар орнының ерекшелігіне тоқталса, ақынның өзі байқауды ұйымдастырып отырған облыс, аудан басшылығына ризашылығын білдірді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастырушылар тарапынан арнайы дипломдармен, қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
Нұрболат АМАНБЕК
Сарысу ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Қазіргі қазақ прозасы не айтқысы келеді?
- 4 желтоқсан, 2025
Қазақ өлеңіне қолдау мен құрмет
- 1 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




