Жаңа техникалар табысталып, өрт сөндіру депосы пайдалануға берілді
- author «Ақ жол»
- 22 қазан, 2024
- 157
Жиында облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек халық санының өсуі мен технологиялардың дамуына орай өрт сөндірушілер мен құтқарушыларды жаңа техникамен және жабдықтармен қамтамасыз ету аса маңызды міндет екенін, бұл жұмыстың алдағы уақытта да жалғасатынын айтты.
Өз сөзінде вицеминистр Ерлан Нұрпейісов облыс басшылығына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтып, техникаларды жаңартуға республикалық бюджеттен қаржыландырудың тұрақты түрде бөлініп жатқанын және жергілікті деңгейде де бұл жұмыс жалғасатынын атап өтті. Рәсім барысында жаңа автокөліктердің кілті салтанатты түрде табыс етілді.
Атап айтқанда, өрт сорғысы стансасы автокөлігінің кілті төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы Ильяс Қапашевке табысталды. Ал, жедел-құтқару жасағының бастығы Юрий Салагаевқа сүңгуірлік жабдықпен жабдықталған жоғары жүрісті автокөліктің, департамент бастығы, полковник Арман Тоқановқа «Skoda Kodiaq» жеңіл автокөлігінің кілттері табыс етілді.
Сол күні Қордай ауданында №15 өрт сөндіру депосы жаңа ғимаратының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Құрылысы 2022 жылы басталып, мерекеге орай пайдалануға берілген депо екі өрт сөндіру техникасына арналған.
Мұндағы 20 өрт сөндірушіқұтқарушы тұрғындарды өрттен және түрлі төтенше жағдайлардан қорғауды қамтамасыз етеді. Вице-минист р Ерлан Нұрпейісов пен азаматтық қорғау ардагері Александр Малыхин салтанатты түрде лентаны қиып, ғимараттың кілтін Қордай аудандық өрт сөндіру бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Дидар Смағұловқа табыстады.
Бұдан соң, қонақтар депо ғимаратын аралап көріп, жаңа ғимараттың аумағына ағаштар отырғызды. Өңірге жасаған жұмыс сапарында Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерлан Нұрпейісов қызметтік міндеттерін атқару барысында қаза тапқан жамбылдық батыр құтқарушылардың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, қызметтік міндеттерін адал атқарған бірқатар қызметкерлерді марапаттады.
Жүрсінгүл ЖАҚЫП
Ұқсас жаңалықтар
Басты міндет – экономикалық өсімді қамтамасыз ету
- 26 желтоқсан, 2024
Президенттің балаларға ерекше құрметі
- 26 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді