Эдвард Мунктың шығармашылығына тікелей әсер еткен туған қарындасы – Труде Мунк.
Бауырының өмірі мен денсаулығындағы қиындықтары, психикалық мәселелері суретшіні шабыттандырды. Мунктың «Крик» сияқты әйгілі туындыларынан эмоциялық күйзеліс, әйелдің қатал тағдыры, жарқын бейнесі сияқты дүниелерді байқауға болады.
Австралиялық суретші Густав Климттің музасы дизайнер әрі модель – Эмилья Фльогл. Бойжеткен Климтке тек муза болып қана қоймай, шығармашылық тұрғыдан да жәрдемдескен. Олар бірбіріне идеяларымен бөлісіп, ортақ тіл табысқан. Оның барлық туындыларында әйелдің нәзік болмысы, сұлулығы мен харизмасы шебер суреттеледі.
Сальвадор Дали – испандық мүсінші және жазушы. Ол әлемге «Мәңгілік жұбай», «Сүйіспеншілік пен соғыс» туындыларымен белгілі.
Өнер жолындағы ең сүйікті музасы – әйелі Гала Элюар екен. Сүйікті болғаны сонша, суретші оны «жанымның жартысы» деп атап кеткен. Жұрт Клод Монен і табиғатқа жан бітірген суретші ретінде таниды. Оның музасы – Камила Дони, яғни өзінің жұбайы.
Камила Моненің тек жары ғана емес, өнердегі серіктесі де бола білді. «Далада», «Су лалагүлдері» картиналарын арнайы әйеліне арнаған. Ол суретті үнемі ашық аспан астында салатын болғандықтан, стилі мен техникасы ешкімге ұқсамайды. Пабло Пикассоға шабыт беретін бірнеше муза болса да, олардың арасындағы дарасы – Дора Маар. Ең қызығы, Маар да Пикассо секілді суретші. Анығырақ айтқанда, 1930-шы жылдардағы әріптестер.
Екі достың қарым-қатынастары күрделі және эмоционалды болыпты. Қос суретші де шығармашылық тоқыраудан өткен кезеңдерде араларында үлкен алауыздық пайда болып, сол тартыс Пикассоға күш сыйлаған.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді