Іс-шараға облыстық айтыскер ақындар, жыршытермешілер орталығының ғылыми қызметкері, айтыс ақыны Ербол Қамбатыров, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР білім беру ісінің және Мәдениет саласының үздігі, ақын-сазгер Үміт Битенова, ақын Нұржан Әліш, психолог, жас ақын Марал Хантөреқызы қатысып, кітапхана оқырмандарымен өздерінің шығармашылық жетістіктері туралы ойларын бөлісіп, өлеңдерін оқыды. Кітапхана қызметкерлері жерлес ақындарымыздың жырына арқау болған Тараз қаласы туралы К.Ахметованың «Жұлдызым Жібек жолы бойындағы», Ш.Мамасерікованың «Көне Тараз», Ж.Бейсектің «Таразым», Б.Ахметтің «Тараз» атты өлеңдерін оқып, Үміт Битенованың «Мені ойлап қам жемеші, мама» әнін, сондай-ақ басқа да қазақ композиторларының шығармаларын орындап, кеш көрігін қыздырды. Кеш қонақтарының шығармашылықтарынан «Поэзия – сөз өнерінің алтын тәжі» атты ауқымды кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандар назарына ұсынылды.
Кітапханашылар былтыр облыс әкімінің қолдауымен Алматы қаласындағы «Абай» баспасынан жарық көрген ақындар Үміт Қыранқызының «Қар астындағы жауқазын» және Нұржан Әліштің «Аққыз» атты кітаптарына библиографиялық шолу жасады. Оқырмандар сауалдарына толып, әсем жырмен, әдемі әндермен әдіптелген әсерлі кездесуді аталған кітапхана директоры Ұлбосын Сәулебаева қорытындылады. Кеш қонақтарына қазақ поэзиясының үлгісін жасап, кітапхана оқырмандарына рухани азық сыйлағандары үшін ризашылығын білдірді.
Назым МҰХАМЕДИЯРОВА,
Тараз қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі директорының орынбасары.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді