Жаңатас қаласында жарық дүние есігін ашқан кейіпкеріміз осындағы Ш.Уәлиханов атындағы мектепгимназиясында 9-сыныпты тәмамдағаннан кейін Тараз қаласындағы Білім гуманитарлық колледжінде «құқықтанузаңгер» мамандығында білім алады. Мұнан соң Астана қаласындағы 5573 әскери бөлімінде Отан алдындағы азаматтық борышын абыроймен өтейді. Темірдей тәртіпке үйреткен әскерден аман-сау туған еліне оралған жас жігіт елордадағы Ұлттық Ұлан 5573 әскери бөлімінде еңбек жолын бастайды. Бүгінгі таңда ол командирдің көмекшісі болып қызмет атқарады.
– Менің өмірімде әскердің орны бөлек. Өйткені әскери өмір – өзгеше тәрбие мекені. Жалпы, әскерде алатын білім мен тәрбиені бірде бір мектеп не университет бере алмайды. Тіпті, әскери кафедралардың өзі әскердегідей шынайы емес. Мұнда нағыз Отан қорғаушы, патриоттық сезімге ие ер азаматтар тәрбиеленеді. Оның үстіне, әскер адамды болашақ өмірге, қиындыққа шыдамды болуға үйретеді. Өз басым әскерде туған елдің қадірі мен Отанның қасиетін терең түсіндім. Әскер маған өзімді, отбасымды, туғантуысым мен Отанымды қалай қорғау әрі қалай сүю керектігін үйретті. Әскер мені болашақ өмірге дайындап, құрыш білекті болуға тәрбиеледі. Ең маңыздысы – әскер маған өзімді тануды, өз мүмкіндіктерімді бағалауды ұғындырды. Өне бойымда жасырынып жатқан қабілеттерімді ашып, оны қолдану жолдарын үйретті десем де артық болмас, – дейді Жақсылық.
Талапты да талантты жас сарбаз отбасындағы жалғыз әскери адам емес. Мәселен, оның туған ағасы Мұрат Астана қаласындағы Ішкі істер министрлігіне қарасты дипломатиялық өкілдіктерді күзету жөніндегі полиция басқармасында полиция лейтенанты болып қызмет етеді. Ал, соңынан ерген інісі Қасым-Жомарт Ішкі істер министрлігінің Қарағанды қаласындағы Бәрімбек Бейсенов атындағы академияда «құқықтану-тергеуші» мамандығының курсанты. Бастысы, тәуелсіз еліміздің рухы биік ұландары жетістіктерден де құр алақан емес. Айталық, Жақсылық Астана қаласы бойынша 150 азаматты әскерге шақырғаны үшін елордадағы әскерге шақыру бөлімінің Құрмет грамотасын иеленген. Бұдан бөлек, ол қоян-қолтық жекпе-жектен республикалық жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы. Сонымен қатар, жуырда ғана «Үздік қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталыпты. Ал, ағасы Мұрат екінші дәрежелі спорт шебері болса, інісі ҚасымЖомарт жүгіруден курсанттар арасында бірінші орынды иеленген. Ендеше, «Жігіт болсаң шоқ бол» деген қанатты сөзді өмірлік ұстанымына айналдырған жаңатастық жалынды жастар өз замандастарына үлгі-өнеге. Олардың алға қойған мақсаттары да айқын. Тәуелсіз елдің рухы биік ұландары егемен елді өркендетуге өз үлестерін қосуды көздеуде. Лайым, жігерлі жастардың болашақтары жарқын болғай!
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді