«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Жылыту маусымына дайындық қалай?

Жылыту маусымына дайындық қалай?
Ашық дереккөз
Бүгінгі таңда аймақта отын-энергетика кешендерінің 2024-2025 жылдар аралығындағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары мерзімінде аяқталған. Облыс әкімдігі энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ғалым Исақовтың айтуынша, жылыту маусымына дайындық барысында облыстық штаб құрылған. Нәтижесінде, 8 рет аталған штабтың отырысы өтіп, отын-энергетика кешендерімен жылдық 1,250 миллиард текшеметр тауарлық газ көлеміне маусымдық шарттар жасалған. Ал, аймақтағы кәсіпорындардың резервтік көмір қоры – 1 240 тоннаны құрап отыр.

– Бұл күнде еліміздің Энергетика министрлігінің тарапынан облысымызға 23,4 мың тонна әлеуметтік мазут бөлінді. Моно және шағын қалалардың орталық қазандықтарын 20,8 миллион текшеметр табиғи газбен және 11 966 тонна мазутпен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылды. Дәл қазір Жаңатас қаласының орталық қазандығына о сы айдың ішінде жеткізілуі тиіс 2 мың тонна мазуттың 950 тоннасы жеткізілді. Жалпы, облыста 9 негізгі жылу энергетика кешендері және 593 автономды қазандықтар бар. Олар 1 737 әлеуметтік нысандар мен 1 646 көпқабатты тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз етеді. Қолданыстағы нормаларға сәйкес сыртқы ауа температурасы 5 күн бойы +8° градусқа тең немесе төмен болған жағдайда жылыту маусымы басталуы тиіс. Мұндайда ең әуелі денсаулық сақтау және білім нысандары жылу жүйелеріне қосылады, – деді Ғалым Исабайұлы.

Айта кетейік, барлық отынэнергетика кешендерінің диспетчерлік қызметтері тәулік бойы жұмыс атқарып келеді. Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз-брифингінде спикер температуралық кестелері жасақталғанын, жылыту маусымы кезеңінде бюджеттік ұйымдардың автономды қазандықтары үшін жоспарланған көмірдің 85 пайызы жеткізілгенін баса айтты. Оның сөзінше, облыста көмір сатумен айналысатын 31 нарық субъектісінің 25-і өңірлік операторлар. Қазіргі таңда облыс көлемінде көмір тапшылығы орын алмағанын айтқан ол көмір тұйықтарында 13 мың тонна көмір бар екеніне тоқталды. Ал, Шұбаркөл, Қаражыра маркалы көмірлердің бағасы сортына қарай 18-24 мың теңге көлемінде екен. Атап өтетін бір жайт, аймақтағы Байзақ, Жамбыл және Мойынқұм аудандарында көмір сатумен айналысатын нарық субъектілері жоқ. Осы себепті, үш ауданның тұрғындары қатты отынды Тараз қаласы мен Шу өңірінен сатып алуға мәжбүр.

Есен ӨТЕУЛІ

Ұқсас жаңалықтар