Бізге аудандық орталық аурухана жұмысын бас дәрігердің орынбасары Нұрбол Жолдасов таныстырды.
Реаниматолог дәрігер Нұрболдың еңбек өтілі 21 жыл. Осы уақытқа дейін Шу қалалық емханасында бас дәрігер болыпты. Оның айтуынша, аудандық аурухана 150 төсекпен қамтылған. Оның 112-сі тәуліктік болса, 38-і күндізгі стационарлық орын. Аудан бойынша 74 дәрігер, 344 орта буынды медициналық мамандар еңбек етеді. Сонымен қатар, денсаулық саласында еңбек ететін кіші буын қызметкерлердің де жұмысы жеңіл емес.
Аудандық аурухананың барлық бөлімдері заманауи медициналық жабдықтармен қамтылған. Ем алушыларға тәулігіне үш мезгіл тамақ беріледі. Өзінің мамандығына шын берілген бас дәрігердің орынбасары Нұрбол Ошанбайұлы:
«21 жылдан бері шулықтарға сапалы медициналық қызмет көрсетіп келемін. Университетте алған білім бір басқа, осы жұмыс барысында алған тәжірибе бір басқа. Осынау жылдар ішінде басымыздан сан түрлі қиындықтар мен оқиғаларды өткердік. Біз алғыс айтқанға да, дұрыс сын айтқандарға да құрметпен қараймыз. Себебі, олар біздің жұмысымызды бағалаушылар. Кәсіподақ ұйымын терапевт дәрігер Айдын Шымкентбаева басқарады. Айдынның да жұмысы жеңіл емес. Негізгі терапевт жұмысынан бөлек, кәсіподақ ұйымын басқару деген де – үлкен іс. Себебі, қызметкерлер барлық өтініштерін кәсіподақ ұйымы арқылы білдіреді. Сол ұйымға арқа сүйейді. Озат қызметкерлерді ынталандыру да кәсіподақ арқылы жүзеге асып жатады. Бас дәрігер Жайдар Әскербекұлы ең бірінші осы кәсіподақ ұйымының ұсынысын басшылыққа алады. Ол – қызметкерлердің талап-тілегіне құлақ асу деген сөз. Ауданның 18 ауылдық округінде 14 дәрігерлік амбулатория, 6 фельдшерлік-акушерлік пункт, 8 медициналық пункт жұмыс істейді. Екі емхана бар. Ондағы жұмыстарды үнемі назарға алып, үйлестіріп отырмыз. Денсаулықтың күзетшісі болу қай кезде де жауапкершілікті талап етеді. Біздің дәрігерлер осы талапқа сай, жұмыстарын сапалы атқаруға қай кезде де әзір, – дейді ол.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Зертханалық диагностика мәселелері зерделенді
- 17 қараша, 2024
Жамбыл жерінде 26 медициналық нысан салынады
- 17 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді