МАХАББАТ АЛДЫНДА...
Махаббат, сенің алдыңда дара туғанмын,
Тұйықтығымнан ба... Мен іштей жанатын жанмын.
Жүрегім кейде сені аңсап аласұрады,
Өйткені мен де өзіңнен жаратылғанмын!
Махаббат! Сенің алдыңда, дара тұлғаңның
Сәбидей мәз боп, таза боп қалатын жанмын.
О, туған жерім, ата-анам, ауыл-аймағым,
Бар болса менен мәз болам алатындарың!
Атақ, Даңқ емес, менде – басқа арман:
Болса екен деймін көңіл – көл, өмір – дастархан.
Сол дастарханымнан дәм татса, сусындаса екен,
Қарындары тоқ кей жандар, дарындары аш қалған!
* * *
Өмір – қиын: күндері көп күрделі,
Аз сияқты аларымнан берерім.
Сездіре біл, Музам менің ілгері
Жазылмаған жырларымның дерегін!
ҚЫСЫЛАМ МЕН
О, Алла! Ақын туып мендей пендең
Елінің бар мен жоғын теңдей бөлген.
Құттықтап қуанышын ағайынның
Тұтқындап қасіретін жерлей «өлген!»
О, Алла! Ақын туып мендей пендең
Адамдық ар-намысын бермей, терген!
Достары жақсы болса жұртқа мақтап
Ал, егер, жаман болса көрмей, көнген.
О, Алла! Ақын туып мендей пендең
Ақындар тізіміне енбей келген.
Өзіңнен қысылмаймын.
Қысылам мен
Аталмай аты өшетін мендейлерден!
ОТАН
Отан – сенің жанұяң,
Отан – сенің ауылың.
Ата, әже – қарияң,
Туысқан жұрт қауымың.
Отан – сенің ауданың,
Облысың, аймағың,
Дала, тауың, бауларың,
Мемлекетің, байрағың.
Әке – шеше – Отаның
Бар бауырың, ұл-қызың.
Отансыздан қорқамын
Сөндірген деп Жұлдызын!
Мұстафа ӘМРЕБЕКҰЛЫ, ардагер теміржолшы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді