Жиында өңірдегі әлеуметтік тұрақтандыру қорына бағаның өсу қаупі жоғары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу және күзгі дала жұмыстарының атқарылу барысы туралы мәселелер қаралды. Ол бойынша «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарушы директоры Равиль Төлебаев, облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Әбдірәсіл Желеубаев және облыстық сауда және тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің өкілі Қайыржан Оралбековтің есепті баяндамалары тыңдалды.
– Қазіргі экономикалық жағдайда азық-түлік тауарларының бағасы ұдайы өсуде. Оған сан түрлі себептер әсер етеді. Алайда, сауда орындарында тауар өндірушілер мен сатушылардың арасында делдалдардың бары да осы бағаға әсері бар. Баға көтерілген сайын тұрғындардың наразылығы өсіп келеді. Әлеуметтік желілерді саралайтын болсақ, бағалардың өсуі бойынша посттар да аз емес, – деді жиын төрағасы.
Іс-шарада кеңес мүшелері тұрақтандыру қорына тауарларды жергілікті шаруалардан сатып алу туралы мәселе көтеріп, делдалдық жүйені жою туралы ұсыныс берді. Сондай-ақ, шаруалардың тауарларын тікелей өткеру бойынша әлеуметтік базарды ыңғайластыру керектігін де жеткізді.
Кеңесте қант зауыттарының өнімді уақтылы қабылдауын қамтамасыз ету мен қажетті субсидия мәселесін шешу туралы жұмыстары да назарға алынды. Бұдан өзге, шаруа қожалықтардың жаңа техникалар алуына жағдай жасау керектігі де ескерілді.
Жиын қорытындысында сөз алған партияның облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Уәлихан Болатбек күзгі дала жұмыстары мен егін жинау жұмыстары аясында көтерілген мәселелерге тоқталды. «Былтыр жеңілдетілген дизель отынына қосатын бояу бойынша туындағанын да білеміз. Ал, азық-түлік тауарларына келетін болсақ, бағалардың тұрақтылығына мемлекеттік органдармен бірге қоғамдық бақылау болмаса бұл мәселе өрши түсетіні анық. Amanat партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Өңірлік жол картасында бұл мәселе де көрсетілген. Яғни, 8-ші тармақта әлеуметтік тұрақтандыру қорына бағаның өсу қаупі жоғары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алуды ұйымдастыру деп айқындалған. Жиында көтерілген мәселелерді жергілікті атқарушы билікпен бірлесе жұмыс істей отырып, шешетін боламыз», – деді ол.
Марат ҚҰЛИБАЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында 46 көпқабатты тұрғын үй салынуда
- 1 желтоқсан, 2025
Жазушыға 100 сұрақ: Көсемәлі Сәттібайұлы оқырманмен кездесті
- 20 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




