Жоғары оқу орындары мен колледждердің жастар ісі жөніндегі комитет төрағалары, белсенді студенттер мен еріктілер қатысқан кездесуде облыс әкімінің орынбасары белсенді жастармен пікір алмасып, ұсыныстарын тыңдады.
– Облыс жастары түрлі салада жемісті еңбек етіп, қоғамдық өмірге араласып келеді. Оларды жан-жақты қолдау үздіксіз жалғаса береді. Барлығымызға белгілі, 6 қазан күні елімізде АЭС салу бойынша республикалық референдум өтті. Жамбылдың жалынды жастары да бұл саяси науқаннан тыс қалмай, жоғары белсенділік танытты. Әрине, жастар қоғамға белсенді араласып, ел дамуына қызығушылық танытуға тиіс. Еліміз үшін маңызды шараларда үн қатып, өз ұстанымдарын айқын көрсетуі қажет. Сондықтан жастармен кездесіп, олардың ой-пікіріне құлақ түрудің маңызы зор, – деді Серік Жақсылықұлы.
Басқосуда жастар қоғамдағы өзекті мәселелерді көтеріп, жатақхана, тұрғын үй мен жұмыспен қамту мәселелеріне қатысты сұрақтарына жауап алды. Атап өту қажет, облыс жастарының тарапынан мұндай форматтағы кездесулер жиі өткізіліп тұрады. Мәселен, жыл басынан бері облыстық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен әртүрлі деңгейдегі 10 мыңнан астам іс-шара өткен.
Өз сөзінде облыс әкімінің орынбасары көтерілген мәселелердің барлығы назарға алынып, тиісті шешімдер қабылданатындығын жеткізді. Еске сала кетейік, бүгінде облыста 1 миллион 200 мыңнан астам халық тұрса, оның 355 мыңнан астамы жастар санатына жатады.
Нұрболат АМАНБЕК
Ұқсас жаңалықтар
Екпені тейлериоз ауруы тіркелмей егу керек
- 4 желтоқсан, 2025
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасызетудің жайы қалай?
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




