Марбург вирустық ауруы – адамдарға да, басқа приматтарға да әсер ететін сирек кездесетін, ауыр вирустық геморрагиялық қызба. Вирус табиғатта жарқанаттарда кездеседі және жарқанаттардан адамдарға берілуі мүмкін.
Марбург қызбасының табиғи ошақтары – Оңтүстік, Батыс және Орталық Африка елдері, яғни Оңтүстік Африка (Оңтүстік Африка Республикасы), Габон, Судан, Конго Демократиялық Республикасы, Либерия, Гвинея, Зимбабве, Кения.
Аурудың клиникалық көріністері вирусты жұқтырғаннан кейін 2-21 күннен кейін пайда болады. Денсаулық сақтау министрлігі профилактика шараларын сақтауды ұсынған. Яғни, халықтың жоғары көші-қонын ескере отырып, қазақстандықтарға эндемиялық елдерге барған кезде профилактикалық шараларды сақтау керектігін ескерткен. Біріншіден, ауруды жұқтырған адамдармен байланыста болудан аулақ жүру. Африка жунглиінде кездесетін жабайы жануарлардан сақ болу, жергілікті жануарлардың нашар қуырылған етін жеуден бас тарту керек. Сондай-ақ, мысырлық жарқанаттардың көп саны – вирустың асимптоматикалық тасымалдаушылары бар үңгірлер мен шахталарға бармаған абзал. Аурудың белгілері пайда болған кезде дереу медициналық көмекке жүгіну қажет. Жеке гигиена ережелерін сақтау аса маңызды.
Вирус неге қауіпті дегенге келсек, Марбург вирусына қарсы арнайы ем мен вакцина әлі жоқ. Тек симптоматикалық емдеу ғана жүргізіледі. Вирус адамға тікелей байланыс арқылы беріледі. Ол зақымдалған тері немесе шырышты қабықтар арқылы жұғады. Сонымен қатар, вирусты заттардың бетіне тигенде және төсек-орын немесе науқастың киімі сияқты материалдарды ұстаған кезде де жұғу қаупі жоғары.
Аурудың негізгі белгілері – қызба, тамақ ауруы, бөртпе, іштің ауыруы, мұрын мен көздің қанауы.
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Сархат Бейсенованың «Денсаулық сақтау министрлігі Марбургвирусының эпидемиологиялық жағдайының дамуын мұқият қадағалайды. Халықаралық әуежайларда аурудың республикаға әкелінуіне және таралуына жол бермеу мақсатында барлық келетін жолаушылардың байланыссыз термометриясы жүргізілетін мемлекеттік шекарада санитариялық-карантиндік бақылау жүзеге асырылады», – дейді.
Дайындаған Қамар ҚАРАСАЕВА.
Ұқсас жаңалықтар
Жаңа әдіспен алғашқы ота жасалды
- 20 қаңтар, 2025
«Медициналық қызметтер сапалы әрі қолжетімді болуы қажет»
- 20 қаңтар, 2025
Ақпарат
Таразда ҚАЖ департаменті жыл қорытындысын жасады
- 16 қаңтар, 2025
Жамбыл облысында 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
- 13 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді