Биылғы жыл еліміз үшін ерекше бастамалар мен тың өзгерістерден басталды.
Бүгінде Жамбыл облысында 1 миллион 200 мыңнан астам халық тұрса, оның 355 мыңнан астамы жастар, яғни 29,1 пайызын құрайтыны барлығымызға белгілі.
Өңірде жастардың әлеуметтік және жеке дамуына жәрдемдесуге және жастар ұйымдарының қызметін қолдауға бағытталған 13 «Жастар ресурстық орталығы» қызмет етеді.
Онда жалпы саны 423 қызметкер, оның ішінде 340 маман жастармен етене жұмыс істейді.
Жыл басынан бері «Жастар ресурстық орталықтары» тарапынан 7 369 іс-шара өткізіліп, оған 202 773 адам қамтылды.
Облыс әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» мекемесі және «Қоғамдық келісім» мекемесінің бірлесе ұйымдастыруымен облыстық қан орталығында Жамбыл облысының 85 жылдығы аясында және «1 наурыз – Алғыс айту» күніне орай жастар арасында «Шын жүректен!» атты донор болу акциясы өтті. Аталған акцияға 200-ден аса волонтер қатысты.
Сонымен қатар, қазақ кинематографиясының майталманы Шәкен Аймановтың туғанына 110 жыл толуына орай «Қазақ кино әлемінің Шәкені» атты кездесу өтті. Аталған кездесуге қадірлі қонақ ретінде, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі, Шәкен Аймановтың фильмдерін дубляждаған өнер майталманы Майра Әлімбетова қатысты.
Биыл наурыз айында «Жастар ресурстық орталығы» мен Жамбыл облысы Әділет департаментінің арасында салалық волонтерлікті дамыту, азаматтардың волонтерлік қызметке қатысуын кеңейту мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Заң саласының өкілдері жастардың көкейлерінде жүрген адвокаттық көмек, жеке сот орындаушысы, нотариус, жалпы құқықтық қызмет көрсету бойынша жастарға арналған ақпараттық кеңес беру алаңдарын тұрақты түрде өткізуде.
«Жастар ресурстық орталығы» жанындағы облыстық волонтерлік фронт-офисінің волонтерлерінің қатысуымен «Жылулық – жастардан» атты көпбалалы және әлеуметтік осал топтағы отбасыларға, қарияларға көмек көрсету арқылы 30-ға жуық қайырымдылық акциялары өткізілді.
Сәуір айының бастапқы кезеңінде еліміздің бірқатар өңірлерін су басты. Су тасқынының алғашқы күндерінен бастап Жамбыл облысының волонтерлік фронт-офисі «Ұлттық волонтерлік желімен» және волонтерлік ұйымдармен бірлесіп «Күшіміз – Бірлікте!» акциясына белсенді қатысты. Облыстық волонтерлік фронт-офистің базасында өңірлерде су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету мақсатында гуманитарлық көмек қабылдау пункті жұмысын жүргізді.
Су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинау туралы ақпарат алғашқы күннен бастап медиа-волонтерлердің көмегімен әлеуметтік желілерде, түрлі мессенджерлерде белсенді түрде таратылып, тұрғындарды ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, «Яндекс.Карта» қосымшасында Тараз қаласы, Төле би даңғылы, 35 мекенжайында орналасқан облыстық волонтерлік фронт-офисі белгіленіп, қабылдау уақыты да көрсетілді.
Сондай-ақ, волонтерлердің төтенше жағдайлар департаментімен өзара іс-қимыл алгоритмі әзірленіп, олармен тұрақты түрде байланыс орнатылды. Волонтерлер су басқан аймақтарға азық-түлік пен қажетті заттарды жеткізуге, сондай-ақ, гуманитарлық көмек жинау жұмыстарына қатысты. Зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмекті жинау және сұрыптаумен 60-тан астам ерікті жұмылдырылды.
Кәсіпкерлер мен белсенді тұрғындардың ұйытқы болуымен гуманитарлық көмек және бірқатар қажетті тұрмыстық жабдықтар жиналды. Зардап шеккен өңірлерге Жамбыл облысынан Батыс Қазақстан облысына, Атырау облысына, Қостанай облысына 40 тонна, Ақтөбе облысына, Ақмола облысына, Қарағанды облысына, Солтүстік Қазақстан облысына 60 тонна, жалпы 360 тонна гуманитарлық көмек жіберілді.
Су басу салдарынан экологиялық апаттардың алдын алу мақсатында елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен «Таза Қазақстан» акциясы бастау алған болатын. «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 148 іс-шара өткізіліп, 3 805 жасты қамтыды. Экологиялық акция барысында 17 916 ағаш көшеттері егіліп, 115 тонна күл-қоқыс шығарылды. Бұл акция бірқатар жастардың бойында қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыруға көп көмегін тигізді.
Бүгінгі таңда Тараз қалалық «Мансап» орталығымен де белсенді түрде жұмыстар жүргізілуде. «Жастар ресурстық орталықтары» және мансап орталықтарымен 72 бос жұмыс орындарының жәрмеңкелері ұйымдастырылды. Бос жұмыс орындарының жәрмеңкелерінде 1 327 жұмыс беруші мекеме қатысып, 4 101 бос жұмыс орындары ұсынылды. Жәрмеңкеге 4 710 жаст қатысқан.
Жәрмеңке қорытындысымен 134 жас ақылы қоғамдық жұмыс орындарына, 5 жас кәсіби оқытуға, 9 жас әлеуметтік жұмыс орындарына, 127 жас «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына, 141 жас тұрақты жұмыс орындарына жолданды. Сонымен қатар жалпы 537 жас жұмыспен қамту шаралары бойынша консультация алған.
2024 жылы жастарды маусымдық жұмыспен қамтуға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Жасыл ел» жобасына жергілікті бюджет қаражаты есебінен 173,5 миллион теңге қарастырылып, 2000 жасты маусымдық жұмыспен қамту жоспарланған.
Қазіргі таңда, «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары жобасы өз жұмысын бастап, Тараз қаласы мен аудандарда жалпы 1 121 жас маусымдық жұмыстарға тартылған. Оның ішінде 54-і уақытша бос жүрген (NEET) жастар болса, 4-і пробация тізімінде тұрған жастар.
Маусымдық жұмыстар барысында 966 900 м2 аумақ тазаланып, 81,2 тонна күл-қоқыс шығарылып, 494 қураған ағаштар кесіліп, 4 354 ағаш көшеттері отырғызылған.
«Жасыл ел» жобасын іске асыру және жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» жобасы аясында 300 жасты маусымдық жұмыспен қамту жоспарланған. Жас сарбаздар елді-мекендер аумағында, Тараз қаласының «Тұңғыш Президент саябағы», «Жеңіс», «Денсаулық» және «Мамыр» саябақтарында және шағын аудандар ауласын, көшелерді, арық жүйелерін, каналдарды күл-қоқыстардан тазартып, талдарды әктеп, көгалдандыру, сырлау жұмыстарын жүргізуде.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен, 12 тамыз – Халықаралық жастар күнін жоғары деңгейде атап өту бойынша «JASTARMEN BIRGE» атты ұлттық жастар онкүндігі басталды. Облысымызда Халықаралық жастар күнін атап өту бойынша арнайы жоспар бекітіліп, он күнге арнайы айдарлар қойылып, жоспар аясында ауқымды іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
Биыл 3 тамыз күні «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында қоршаған орта мен тұрғындар үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету, азаматтық жауапкершілікті арттыру мақсатында «Тарихқа тағзым» атты облыстық эко-турнирі өтті.
Аталған эко-турнир онкүндік жоспарына сәйкес, «Қарахан баба», «Айша бибі», «Тектұрмас» кесенелерінің аумағында және Талас өзенінің бойында жүргізілді. Эко-турнирге өңірдегі «Жастар ресурстық орталықтарының» қызметкерлері, белсенді жастар және волонтерлер қатысты. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде, жалпы көлемі 400 м2 аумақ тазаланып, 3 тоннаға жуық күл-қоқыс шығарылды.
Одан бөлек, ағымдағы жылдың 5 тамызы күні облыстық қан орталығында «DENSAULYQ – ZOR BAILYQ» жобасының аясында «Шын жүректен» атты донор болу акциясы өтті. Акцияның басты мақсаты – жастарға қан мен оның компоненттерін қайта құю арқылы адам өмірін құтқарып, денсаулығына қауіп- қатер төнген жандардың өмірін ұзартуға мүмкіндік бар екендігін ұғындыру.
Акцияға өңірдегі «Жастар ресурстық орталықтарының» қызметкерлері, облыстың белсенді жастары, қала тұрғындары және волонтерлер қатысты.
Сондай-ақ, жастар мен қариялар арасындағы ұрпақтар сабақтастығы, ынтымақтастығы да бұл онкүндіктен тысқары қалған жоқ. Жастар онкүндігінің «MEIIRIMDILIK MEKENI» жобасы аясында «Ұрпақтар ізімен» атты ардагерлер мен жастар арасында шахматтан, тоғызқұмалақтан, дойбыдан турнир өтті.
Тарихи фильмдер арқылы жастардың бойында ұлттық сананы және тарихи білімді қалыптастыру мақсатында отандық фильмдердің ашық аспан астында көрсетілімі өтті. Фильмнің көрсетіліміне жиналған жастар белгілі режиссер Ақан Сатаевтың «Жаужүрек мың бала» атты көркем драмалық фильмін тамашалады.
Халықаралық жастар күніне орай онкүндік әлі де жалғасуда.
12 тамыз күні облыс жастарының басын қосатын «JastarFEST» фестивалі аясында өткен жастардың онкүндік іс-шаралары бойынша қорытынды марапаттау кеші өтетін болады.
Еліміздің тарихы мен мәдениетінің тағдыры, дамуы мен модернизациялануы, жалпы бүгіні мен ертеңі де жастарға байланысты.
Нұрболат АМАНБЕК
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
Қаратау қаласында биыл 17 балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді
- 6 желтоқсан, 2024
«Әйелдер көшбасшылығы» тақырыбында семинар өтті
- 28 қараша, 2024
Адвокаттық сауалдан бас тартудың салдары қандай?
- 26 қараша, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді