«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Оң нәтижелер сайлаушылар сенімін арттыруда

Оң нәтижелер сайлаушылар сенімін арттыруда
Ашық дереккөз
«Халық қаласа, хан түйесін сояды» дегендей, елдің талап-тілегі, мәселелері қай кезде де өзекті. Мұны Шу аудандық мәслихатының депутаттары да жақсы түсініп отыр. Оны шулықтардың қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, ауылдарды жиі аралап, тұрғындармен кездесуінен, мәселеге мән беруінен байқауға болады.

Шу аудандық мәслихаты өз қызметін ұйымдастыруда Конституцияда, «Қазақстан Ре спубликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңда және өзге де заң актілерінде, аудандық мәслихаттың регламентінде белгіленген өкілеттіктерді, құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырып келеді.

2023 жылдың 19 наурызында өткізілген еліміздегі барлық деңгейдегі мәслихатт ары депут атт арының сайлауында Шу аудандық мәслихатқа 17 депутат сайланды. Мәслихат төрағалығына Жасұлан Әбенов сайланып, өз жұмысын жоғары деңгейде атқаруда. Депутаттар бірнеше партия өкілдерінен құралған. Оның 8-і Аmanat партиясынан, 1-уі «Ауыл», 5-і «Ақ жол» партиясынан ұсынылса, ал 3-і өзін-өзі ұсынған. Дегенмен, «Ақ жол» партиясынан ұсынылып, сайланған мәслихат депутаты Е.Қаршығабековтің аудандық аумақтық сайлау комиссиясына берген өтінішіне байланысты аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 13 қыркүйектегі №8-4 шешімімен оның депутаттық өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылып, оның орнына депутат болып Аmanat партиясынан ұсынылған Мақсат Шаймерден сайланған. Бүгінгі таңда нақты 17 депутат өз өкілеттіктерін атқаруда.

Ұлттық құрамы бойынша 17 депут аттың барлығы қазақ. Депутаттардың сапалық құрамына келетін болсақ, 14 депутат ер адам болса, 3 депутат әйел немесе 17,6 пайызын құрайды. Депутаттардың орташа жасы – 43. Барлығы жоғары білімді. Атап айтсақ, инженер – 2, педагог – 2, экономист – 4, дәрігер – 1, заңгер – 4, бухгалтер – 1, басқа мамандықтар – 3.

IХ шақырылған Шу аудандық мәслихатының бірінші ұйымдастыру сессиясында 3 тұрақты комиссия құрылып, олардың мүшелері мен комиссия төрағалары сайланды, оның ішінде 2 комиссияға Аmanat партиясынан сайланған депутаттар Ләйла Жүнісалиева мен Нұржан Разимбеков төрағалық етеді.

Мәслихаттың 2023 жылға арналған перспективалық жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылдың сәуір мен желтоқсан айлары арасында мәслихаттың 1 ұйымдастыру, 3 кезекті және 12 кезектен тыс сессия өткізіліп, 90 мәселе қаралса, олардың 8-і жоспарлы түрде қаралған. Нәтижесінде мәслихаттың 90 шешімі, мәслихат төрағасының 55 шешімі мен 57 өкімі қабылданыпты. Жамбыл облысының Әділет департаментінен 16 шешім мемлекеттік тіркеуден өтіпті. 2024 жылдың 8 айында 3 кезекті, 7 кезектен тыс сессиясы өткізіліп, 49 мәселе қаралса, олардың жоспарлы түрде қаралғаны–2. Нәтижесінде мәслихаттың 49 шешімі, тұрақты комиссиялардың 16 қаулысы қабылданған.

2023 жылы мәслихат депутаттарының атына 7 өтініш түсті, олардың 6-ның оңды шешімі табылса 1-і құзырлы органға қарау үшін жолданды, ал осы жылдың 8 айында 3 өтініш түсті, оның біреуі оңды шешілсе, біреуі құзырлы органдарға жолданыпты.

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының 2023 жылға арналған жо спарларына сәйке с бірлескен 30 отырысы өткізіліп, 48 мәселе қаралып, 48 қаулы қабылданды. Ал, 2024 жылдың 8 айында 14 отырыс өткізіліп, 14 қаулы қабылданғаны – елдің игілігі.

Өткен жыл мен биылғы 8 айда тұрақты комиссиялардың бірлескен отырыстары мен сессияларда ауданды әлеуметтік-экономикалық дамыту бағытында бірқатар мәселелер қаралған. Атап айтқанда, 17 ауылдық округ әкімдерінің, 11 аудан әкімдігі бөлімдерінің 2022 жылы атқарған жұмыстары мен 2023 жылға енгізілген жоспарлары, ауданда салық түсімдерінің жайы, «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған «Ұлттық жоба» бағдарламасының, «Дипломмен ауылға» бағдарламасының орындалу барысы», «Халыққа с апа лы медицина лық қызмет көрсету мен ауданда санитарлық- эпидемиологиялық бақылау жұмыстарының жайы», «Елді мекендердегі жеке және заңды тұлғаларды ағын сумен қамтамасыз ету жұмыстарының жайы», «Ауданның бюджеттік мекеме, кәсіпорындары мен Шу қаласының көпқабатты үйлеріне жылу берудің барысы», «2023 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы», «Ауданның елді мекендерінде пошта байланысы қызметтерінің ұйымдастырылуы», «Ауданда басым бағыттар бойынша құрылыс-жөндеу жұмыстарының жайы», «Аудан әкімінің өзіне жүктелген міндеттері мен функцияларын орындаудағы аудандық мәслихат депутаттары алдындағы есебі» туралы мәселелер қаралды. Тиісті мекеме басшыларының есептері тыңдалған. Мәселелерді қарау және талқылау барысында орын алған кемшіліктер депутаттар тарапынан сынға алынып, оларды болашақта болдырмау жөнінде нақты тапсырмалар берілді және олардың орындалуы тұрақты бақылауға қойылыпты. Демек, депутаттардың белсенділігі жоғары. Шу ауданында кейбір мәселелер шешімін тапқан соң жергілікті депутаттарға деген елдің сенімі артып келеді.

Елді мекендердегі жеке және заңды тұлғаларды ағын сумен қамтамасыз ету жұмыстарының жайын қараудың қорытындылары бойынша депутаттар тарапынан Тасөткел су қоймасын қайта жаңғырту жұмыстары бойынша облыс әкімдігінің құрылыс басқармасының бұрынғы басшысына хат жолданған. Нәтижесінде, облыстың құрылыс басқармасы тарапынан 2020 жылы Тасөткел су қоймасы бөгеті бойынша 635 миллион теңге игеріліп, тиісті жұмыстар атқарылған. 2021 жылы нысанды қаржыландыруың болмауына байланысты құрылыс жұмыстары жүргізілмегендігі, 2022 жылы республикалық бюджеттен 1 315,8 миллион теңге бөлініп, оның 1 047,7 миллион теңгесінің игерілгендігі анықталған. 2023 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылауда Экология және табиғи ресурстар министрлігіне осы объектіні аяқтауға барлығы 1 472,8 миллион теңге бюджеттік өтінім ұсынылғандығы, алайда, ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 2022 жылы пайдаланылмаған 268,1 миллион теңге ғана қолдау тапқан, қалған 1 204,7 миллион теңгенің 500 миллион теңгесі облыстық бюджеттен бөлінген. Нәтиже сінде былтыр құрылыс жұмыстары толық аяқталған. Бұл ретте аудандық мәслихаттың депутаты Айтмұханбет Айтжановтың нақты ұсынысы мен табанды еңбегін ерекше айта кеткен жөн.

Сонымен қатар, Шу ауданындағы Тасөткел магистралды канал, оң және сол жағалау магистралды каналдар, Күйген каналдары бойынша қандай су мөлшерін пайдаланып жатқаны, заңсыз су тоспаларының орнатылғаны бойынша Жамбыл облысының прокуроры Н.Әбдіровке, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Департаментінің басшысы Б.Жылқыбаевқа хат жолданыпты. Құзырлы органдардың берген жауаптары бойынша, каналдар бойында орналасқан 254 су сорғымен келісімшарт жасалған, су тұтыну көлемі 76,7 миллион текше метр. Шу өзенінің бойында орналасқан кейбір шаруа қожалықтармен келісімшарт жасалынған. Қалғандарына суды пайдалануға рұқсат алу ұсынылған. Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөнінде Шу-Талас бассейндік инспекциясы зерделеу жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде Шу ауданы бойынша барлығы 80 шаруа қожалығы 251 су сорғымен 6772 гектар жерге «Қазсушар» РМК мен келісімшартқа отырғаны анықталған. Оның ішінде ТМК каналы арқылы 66 шаруа қожалығы 211 су сорғымен – 5490 гектар, ПМК каналы арқылы 4 шаруа қожалығы 6 су сорғымен – 181 гектар, ЛМК каналы арқылы 10 шаруа қожалығы 34 су сорғымен 1102 гектар жерге су алып отырған. Шу ауданы бойынша заңсыз су алып отырған 14 заңбұзушылық анықталған, оның ішінде 6 заңды және 3 жеке тұлға анықталып, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 141-бабы 1-тармағына сәйкес, әр заңды тұлғаға 40 айлық есептік көрсеткіш және жеке тұлғаға 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынған. Қорағаты өзенінен заңсыз су алып отырған 5 заңды тұлға анықталып, әр заңды тұлғаға АЕК көлемінде айыппұлдар салынып, олар толығымен өндірілген.

Ағын су мәселесін депутаттар биылғы көктем айында да көтеріп, бұл саланы қаржыландыру, материалдық базаны нығайту мәселесін шешу бойынша Парламент Мәжілісінің депутаты Е.Саурықовқа, облыс әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабекке, облыстық «Қазсушар» РМК филиалының директоры А.Қадыровқа арнайы хат жолданып, жауап алынды.

Сонымен қатар, аудандық мәслихаттың депутаттары Шу ауданының орт а лығы Төле би ауылындағы 300 орындық Әл-Фараби мектебі құрылысының тұралап қалуы бойынша және Төле би ауылындағы «Ауданаралық балаларды оңалту орталығы» құрылыс жұмыстарының белгіленген кестеден кешіккені, жұмыстардың сапасыз орындалғаны бойынша облыс әкімдігінің құрылыс басқармасының басшысына депутаттық сауал жолдады. Нәтижесінде, облыс әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы тарапынан мердігер «Сұңқар-2002» ЖШС-не өндірістік кестеден кешіккені үшін өсімпұл өндіріп а лу және келісімшарт міндеттемелерін орындамағаны үшін жосықсыз мердігер деп тану бойынша сотқа талап арыз берілген. Нәтижесінде мектептің құрылысы аяқталып, 2023 жылдың 20 қараша күні нысан пайдалануға берілді. Ал, «Ауданаралық балаларды оңалту орталығының» құрылысы да аяқталды. Нысан өткен жылдың желтоқсан айында ашылып,пайдалануға беріліпті.

Сондай-ақ, «Ауданның елді мекендерінде пошта байланысы қызметтерінің ұйымдастырылуы туралы» мәселені қарау барысында орын алып отырған кемшіліктер мен олқылықтарды жою жөнінде «Қаз пошта» АҚ облыстық филиалының директоры Б.Бекбердиевке депутаттар тарапынан хат жолданды. Бұл мәселе тұрақты бақылауға қойылды.

Сонымен қатар, Шу қаласындағы Макаренко атындағы орта мектептің күрделі жөндеу жұмыстары бойынша депутаттардың ықпалымен жылу құбырларын жаңадан салу мәселесі оңды шешімін тапқаны қуантады.

Былтыр ауа райының күрт өзгеруіне байланысты облысымызда, оның ішінде Шу, Қордай аудандарында төтенше жағдай жарияланғаны белгілі. Тоғыз жолдың торабы болып саналатын Шу стансасы арқылы өтетін жолаушы поездары қатты жел мен бұрқасынның салдарынан белгіленген кестеден бірнеше сағатқа кешігіп, Шу вокзалында тұрып қалды.

Орын алып отырған жағдайды ескере келе әбігерге түскен жолаушыларға теміржол мекемелері, ауданымыздың кәсіпкерлері, полиция қызметкерлері, тағы басқа мекемелер мен ұйымдар дер кезінде қолдау көрсетіп, Шу халқының қонақжайлылығын, ауызбіршілігін паш етіпті.

Осы орайда, мұндай игі іс- шаралардан халық қалаулылары – аудандық мәслихат депутаттары да тыс қалған жоқ. Депутаттарымыз ауа райының қолайсыздығына қарамастан кептелісте тұрған, өз кезегін күткен жолау шыларға ыстық тамақ, сусындар таратып, қайырымдылық пен бірліктің үлгісін көрсетті. Көрсетілген қайырымдылық көмектер мен қолдаулар үшін жолаушылар әлеуметтік желілерде өздерінің Шу халқына деген алғыстары мен ризашылықтарын әлі күнге дейін білдіруде.

Шу аудандық мәслихаттың белсенді жұмыстары осындай. Нәтижесінде сайлаушылар бірқатар құндылықтар мен игіліктерге, оң шешімдерге қол жеткізіп отыр.

 

Шу ауданы

Ұқсас жаңалықтар