
Елімізде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы ең арзан әрі төмен қала – Тараз. Солардың бірі – ас атасы нан шаһар дүкендерінде әр бөлкесі 45 теңгеден сатылады. Таразда осыдан 20 жыл бұрын құрылған «Надыров» жеке кәсіпорны наубайханасы нан өнімдерін пісіріп, өткерумен шұғылданады. Мұнда 11 адам жұмыс істейді. Күнделікті 3 мың бөлке нан пісіріледі. Әрқайсысының салмағы – 650 грамм. Олар наубайханаға жақын маңдағы 6 дүкенге өткеріледі. Кәсіпорын жұмысшылары өнім сапасына айрықша көңіл бөледі. Дүкендерге жеткізіп беретін екі автокөлігі бар. Осыдан он жыл бұрын өздерінде ИСО-9001 халықаралық сапа менеджменті жүйесін енгізген.
– Біздің қалалық әкімдікпен меморандумымыз бар. Сондықтан да ұзақ уақыттан бері нан бағасын өсірмей келеміз. Наубайханада пісірілген әр бөлкені дүкендерге 35 теңгеден өткіземіз. Қалған бағаны дүкендегілер қосады. Жұмыс 3 ауысыммен ұйымдастырылған. Наубайшылардың әрқайсысына жұмыстан қайтқан кезде күнделікті 3 мың теңге төленеді және екі бөлке нан беріледі. Келешекте несие алып, жабдықтарды жаңартуды көздеп отырмыз, – дейді «Надыров» жеке кәсіпорнының директоры Рысбек Надыров.
Ақылжан Мамыт, «Ақ жол».
Суреттерді түсірген Ақәділ Рысмахан.
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Батырдың ұрпағы болу - мақтаныш әрі жауапкершілік
- Бүгін, 06:16
Жапырағын кеңге жайған жанұя
- Бүгін, 06:08
Ақпарат
Таразда ауқымды Креаторлар форумы өтті
- 28 мамыр, 2025
Енді Алакөлге қатынау жеңілдейді – Көлік министрлігі
- 20 мамыр, 2025
TOP-10: Еліміздегі ең танымал спорт түрлері қандай?
- 6 мамыр, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді