Айтулы күні Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжіндегі №39 дауыс беру учаскесіне «ТаразЭнергоОрталық» АҚ төрағасы Жұмабек Бөлекбаев келіп таңдау жасады.
«Бұған дейінгі референдумдарда саяси-құқықтық сипат басым болса, осы жолғысында әлеуметтік нышандар айқын көрініс тапқан. Біз ұлт болашағына қатысты шешім қабылдауға үлес қосудамыз. Бұл халықтың саяси белсенділігін артырып қана қоймай, әрқайсымыздың дауысымыз маңызды екендігін сезіндіріп, Отан алдындағы жауапкершілігімізді салмақтай түседі», деген кәсіпорын басшысы еліміздің экономикалық әлеуетін арттырудағы маңызды шешімді қабылдауда жамбылдықтарды белсенділік танытуға шақырды.
Айта кетейік, дәл қазіргі сәтте сайлаушылар белсенділігі айтарлықтай артқан. Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сүйенсек, түске дейін еліміздегі саяси құқыққа ие электораттардың жартысынан астамы дауыс беріп үлгенген.
Ұқсас жаңалықтар
Жасөспірімдерді қылмысқа біреу итермелей ме?
- Бүгін, 15:40
Мұғалімдер аттестациясы не үшін тоқтатылды?
- Бүгін, 15:32
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




