Жалпыұлттық рефендум бірқатар жамбылдықтардың туған күнімен тұспа-тұс келіп отыр. Айтулы күні айшықты мереке иелері де өз таңдауын жасауда, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Осы күні 34 жасқа толып отырған Нұрсұлтан Иманқұлов есімді тараздық тұрғын да №20 дауыс беру учаскелеріне келіп таңдау жасады.
«Бүгін мен үшін де еліміз үшін де, айтулы күн. Себебі туған күнімде таңдау жасау бақытына ие болып отырмын. Еліміздің тарихында сақталатын естен кетпес оқиға мен үшін де қымбат естелікпен есте қалатын болады», - дейді туған күн иесі Н.Иманқұлов.
Айта кету қажет, аталған рефендум учаскесі бүгін ерекше оқиғаларға толы болды. Бүгін мұнда бір мезгілде Паралимпиада жүлдегері Нұрдаулет Жұмағалиевпен қатар, бірқатар қоғам белсенділері, егіздер мен туған иелері таңдау жасады.
Ұқсас жаңалықтар
Біздің бір-бірімізден жасыратын құпиямыз жоқ
- 9 сәуір, 2026
Иран мен АҚШ-тың арасы не болып жатыр?
- 9 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




