Саяси шараға ауыл ақсақалдары да белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауға асығуда. Қордай аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Біржан Әлімбет бастаған қариялар №239 учаскесіне барып, дауыс берді, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
«Бүгін елімізде үлкен мереке. АЭС салуға қатысты референдумға аудан ардагерлері белсенділік танытып, өз дауысымызды беруге келдік. Мемлекет басшысы осындай маңызды шешімді халықтың еркіне беріп отыр. Осыны біз, ақсақалдар, үлкен жауапкершілікпен қабылдаймыз. Жастарымыз елдің болашағына бейжай қарамай, таңдауларын жасауға тиіс. Біз тек өз дауысымызбен ғана емес, өнегемізбен де үлгі көрсетуіміз қажет», – деді Біржан Әлімбет.
Ақсақалдардың пікірінше, халықтың белсенділігі мен ынтасы ел дамуына оң әсерін тигізіп, әр азаматтың жауапкершілігін арттырады.
Ұқсас жаңалықтар
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Инвестиция тарту бойынша облыс республикада үздік үштікке кіреді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




