Өз тарихында небір аумалы-төкпелі кезеңдерді бастан кешсе де, қазақы салты мен ұлттық құндылықтарын, ән-жырын ұмытпаған һәм ұлықтаған халқымыз референдум барысында да салмағы басым саяси науқанды мерекелік күйге бөледі.
Таңсәріден таңдауын жасауға асыққан жұртты №28 сайлау учаскесінде ақ жаулықты әжелер қарсы алды. Алдымен шашу шашып келген аналар, тараздықтарды ұлттық әнмен оятып, ұлттық дәм ұсынды. Ұлт пен ұрпақтың болашағы үшін түн ұйқысын төрт бөлген ақ жаулықты аналар қауымы, ұлттық дәстүрді ұлықтап, дауыс берушілерге аналық ақ батасын берді.
Ал №26 дауыс беру учаскесі аумағында келушілерге шағын жәрмеңке ұйымдастырылды. Ала таңнан асыға жеткен дауыс берушілер мұнда өз таңдауларын жасап қана қоймай, берекелі жәрмеңкеге қатысып, мәре-сәре күйге бөленді.
Сол секілді Жамбы атындағы №5 мектеп-гимназиясындағы №35 және №38 орта мектебіндегі 70-ші дауыс беру учаскелерінде дауыс берушілерге арналған арнайы концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды. Әрбір келуші еліміздің саяси маңызды қадамына қатысты өз таңдауын жасап, ән тыңдап, мәдени-рухани құндылықтармен сусындады.
Ал №41, №498-ші дауыс беру учаскелерінде ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтті. Мұнда келушілер асық атып, таңғы тіршілігін салауатты өмір салтымен бастады.
Шымырлықты шыңдайтын шаралармен қатар, ақыл-ойды кемелдендіретін кітап көрмелері де дауыс берушілердің назарынан тыс қалмады. №27 дауыс беру учаскесіне келгендер көпшілікке ұсынылған кітап көрмесін тамашалап, тарихи-әдеби шығармаларға қанықты.
Бұл күні әрбір дауыс беру учаскесінде салтанатты шаралар өтті. «Ұлы Дала» шағын ауданындағы №505-ші дауыс беру учаскесінде ұйымдастырылған «Супергерой» акциясы да соның бір айғағы. Мұнда әрбір мақсатқа жауапкершілікпен қарап, жұмыла әрекет ете білудің мән-маңызын айшықтайтын шаралар көрініс берді.
Сондай-ақ, дауыс берушілер арнайы ұйымдастырылған фотозоналарда суретке түсіп, жеке парақшаларына жариялап, сол арқылы жерлестерін дауыс беруге үндеп жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді