Жаңалықтар
Алғаш болып дауыс берген жамбылдыққа қасиетті домбыра сыйға тартылды.
- author «Ақ жол»
- 6 қазан, 2024
- 913
Бүгін елімізде АЭС салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум басталды. Осынау маңызды күні таңертең алғашқылардың бірі болып, Жамбыл атындағы №5 мектеп - гимназиясында орналасқан №35 сайлау учаскесіне Тараз қаласының тұрғыны Айдарбек Айманбетов келіп, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды aqjolgazet.kz
Ол өз сөзінде дауыс беру нағыз азаматтық парыз екенін атап өтті.
«Әр Қазақстан азаматының жасаған таңдауы мемлекет болашағы үшін өте маңызды. Мұны жақсы түсініп отырмыз. Сондықтан Мемлекетіміздің жарқын болашағы үшін Президент бастамасын қолдап дауыс бердім», – дейді Айдарбек Айманбетов.
Бір ерекшелігі сол, алғаш болып дауыс берген азаматқа қасиетті домбыра сыйға тартылды.
Айта кетейік, өңірімізде таңғы сағат 7:00-лен бастап дауыс беруге арналған 508 референдум учаскесі өз жұмысын бастады.
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




