Шындығында ел дамуының басты шарты – энергияға келіп тірелетіні белгілі. Сала мамандары АЭС салудың экономикалық қажеттілігін түсіндіруде. Алғашында атом дегенде үріккендей болған халыққа оның артықшылықтары, қорқудың қажеттілігінің жоқ екендігі түсіндірілуде.
Бұл жерде мемлекетіміздің басты ұтары – уран өндіруден жетекші орындағы ел екеніміз. Табиғи байлығымыз – уран арқылы электр энергиясын қажетті мөлшерде және арзан өндіріп, сәйкесінше, өндірістік-индустриялық дамуға мол мүмкіндіктер аламыз. Ең бастысы, салынатын зауыттың құрылысын қатаң қадағалауда ұстау керек. Зауыттың қауіпсіздігі мен экологиялық тазалығына кепілдік болуы шарт. Халықты алаңдататыны да – осы. Яғни, атом электр станциясы Қазақстан экономикасының дамуына үлкен серпін беретінін әркім біледі, алайда, оның зардабының да қаншалықты екендігіне алаңдайтыны шындық.
Осы орайда, АЭС-тың салынатын жері турасында көптеген қарсылықтар болды. Осыдан келіп, жалпыхалықтық мәселенің шешімі халықтың өзіне тапсырылып отыр. Жалпыхалықтық мәселеде әркімнің өз көзқарасы маңызды деп санаймын. Ендеше, оның салынуынан үлкен даму мақсаттарын күтейік.
Жамбыл МЫРЗАБЕКОВ,
Ш.Мұртаза атындағы халықаралық Тараз инновациялық институты «Тарих және география» кафедрасының меңгерушісі, PhD философия докторы.
Ұқсас жаңалықтар
Екпені тейлериоз ауруы тіркелмей егу керек
- 4 желтоқсан, 2025
Мүгедектердің құқықтарын қамтамасызетудің жайы қалай?
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




