Сейсенбі күні Amanat партиясы облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов, облыстық мәслихат депутаттары Оралхан Дәуіт пен Серік Қойбақов «Насихат» бастауыш партия ұйымының қызметкерлерімен кездесті. Басқосуда атом электр станциясы мәселесі кеңінен талқыланып, еліміздің энергетикалық болашағы туралы маңызды пікірлер ортаға салынды. Бұдан бөлек, штаб мүшелері дамыған елдердің барлығы электр энергиясын өндіруде атом электр станцияларының рөлін баса айтты. Олар қазіргі замандағы озық технологияларды қолдану арқылы энергетикалық саланы дамыту әлемдік тәжірибеде кеңінен таралғанын жеткізді.
– Энергетика саласының мамандары мен ғалымдар атом энергетикасын дамыту – осы күрделі ахуалдан шығудың жалғыз жолы екенін айтып отыр. Ең негізгі мәселе – қауіпсіздік. Халықты алаңдатып отырған басты мәселе де осы. Егер АЭС адамзатқа қауіпті болса, өркениетті елдер бұдан бас тартар еді. Одан бөлек, қазір әлемде 60-қа тарта АЭС салынуда. Көршілес Өзбекстан да АЭС салудың қамына кіріскен. Қазақстан уран өндіру бойынша әлемде көш бастап тұр, ал уран қоры бойынша екінші орында. Дамыған мемлекеттердің өзі АЭС-ке қажетті шикізатты бізден алып отыр. Жаңа технологияны дамытуда және жоғары технологиялық жұмыс орындарын ашуда атом электр стансаларын салудың маңызы зор. Әрі бұл біздің мемлекетіміз үшін стратегиялық тұрғыдағы шешім болары анық. Жалпы, АЭС құрылысы – өңірдің тұтастай алғанда бүкіл еліміздің экономикасына оң әсер ететіні сөзсіз, – деген штаб мүшелері Халықтық штаб мүшелері референдумдағы әрбір таңдау – ел болашағы үшін маңызды екендігін атап өтті.
Сондай-ақ, бұл күні Жамбыл жоғары медициналық колледжінің студенттерімен жүздескен штаб мүшелері басқосу барысында АЭС құрылысы және оның еліміздің экономикасының өрлеуіне қосатын зор үлесі жөнінде әңгіме өрбітті. Бұдан бөлек, жастарға атом электр стансасын орнатудың маңыздылығы мен қажеттілігі бойынша мол мағлұмат берілді. Ал, кеше штаб мүшелері: Сембек Сейдәзімов, Күләш Әбдікешова, Сейітжан Орынбаев пен Уәлихан Болатбек әуелі М.Әуезов атындағы кітапхана ұжымымен, кейінірек «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының өңірлік филиалының қызметкерлерімен және «Сұңқар» медициналық орталығының қызметкерлерімен кездесті. Онда еліміздің энергетика саласының дәл қазіргі жағдайы туралы мәліметтерді көпшілік назарына ұсынған штаб мүшелері халық санының өсуі және кәсіпкерлік нысандарының көбеюіне байланысты жыл сайын электр энергиясына деген сұраныс 3 пайызға арта түскеніне тоқталды. Олардың айтуынша, күн, жел мен су электр стансаларының ток өндіру қуаты ауа-райына тікелей байланысты. Жиын қорытындысы бойынша қатысушылар бейбіт атом еліміздің дамуында маңызды рөл атқарады және елдің энергетикалық қауіпсіздігі мен тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін орасан зор әлеуетке ие деген тұжырым жасады.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Басты міндет – экономикалық өсімді қамтамасыз ету
- Бүгін, 01:47
Президенттің балаларға ерекше құрметі
- Бүгін, 01:40
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді